"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Касимов Кәукен

     Кәукен Қасымов 1967 жылы Қарағандының медициналык - институтын бітірген соң Балқашқа жолдамамен келіп жұмысқа орналасады. Бастапқыда комбинат емханасында терапевт болып еңбек жолын бастайды.1969 жылы қалалық аурухананың хирургия бөлімшесіне ауысады.1970 жылы урология бөлімі ашылғанда, уролог дәрігер болып істеп, 1974 жылдан аурухананың урология бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

1985 жылы К.Қасымовқа “Жоғарғы дәрежелі дәрігер” деген атақ берілді. Сөйтіп ол облысымыздағы, республикамыздағы білгір урологтардың қатарынан көрінді. Ол бүйрекке, қуыққа, зәр жүретін жүйе жолдарына ота жасаудың жаңа түрлерін жүзеге асырды.Кәукен Касымов облысымызда алғашқылардың бірі болып “Санолит” аппаратымен бүйректегі тасты ұнтақтап отасыз түсіру жолын игерді. Сол сияқты “Простатрон” аппаратын пайдалану тәсілімен қуық безі, аденома ауруын емдеуді жолға қойды.

К.Қасымовтың медицина саласындағы еңбегі жоғары бағаланып, 1978 жылы оған “Қазақстанның денсаулық сақтау саласының үздігі” деген атақ берілді. Ол жас дәрігерлердің ұстаз – тәлімгері, қаладағы хирургтар қоғамының мүшесі, көп жылдар бойы аурухананың бастауыш партия ұйымының хатшысы болды. 1976 жылы Қазақстан Коммунистік партиясының XVI съезінің делегаты болды.

Көп жылғы денсаулық сақтау саласындағы жемісті, абыройлы еңбектері және қоғамдық жұмыстағы белсенділігі үшін Қасымов Кәукен қалалық денсаулық сақтау бөлімінің, облыстық, сонымен бірге республикалық кәсіподақ ұйымдарының Құрмет грамоталарымен марапатталды, аты Құрмет кітабына жазылды.

1993 жылы 13 желтоқсанда Кәукен Қасымовқа Балқаш қаласының әкімінің шешімімен “Балқаш қаласының Құрметті азаматы” деген атақ берілді.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Ақпарат айдынында: мақалалар мен очерктер.- Қарағанды: Арко, 2007. – 52-53 б.

2. Балқаш. Тарих беттері (1936-2007 ж.ж.): Құжаттар мен материалдар жинағы / Құраст.: Жексенова Н., Исабекова А., Сәкенова Р.- Қарағанды, 2007.-199-200,201 б.


Дата редактирования: 07 Шілде 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика