"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Кәрім Нұрдос Маратұлы

Просмотров: 155

 

     Кәрім Нұрдос Маратұлы 1985 жылы 6 маусымда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Нұркен ауылында дүниеге келген.  Н.Кәрім туған ауылындағы  Н.Әбдіров атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 2008 жылы кәсіби журналист болып шығады.  
      2008 жылдың қыркүйек айынан бастап қалалық «Балқаш өңірі» газетінің тілшісі, 2013-2015 жылдары бөлім меңгерушісі және аймақтық «Айлапат» журналының редакторының орынбасары, 2016 жылдың қаңтар айынан «Балқаш өңірі» газетінің редакторы қызметін атқарды.  Нұрдос Маратұлы 2016 жылдың қыркүйегінен бастап облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі болып жұмыс істейді.
  Н.Кәрім – талантты ақын, өлеңдері  мерзімді баспаларда шығып отырады, көптеген мүшайра байқаулардың жеңімпазы. 2011 жылы Н.Кәрім Қарағанды облысы әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығының лауреаты атанды.
     2008 жылы Н.Кәрімнің «Ақтоғайдан – Алашқа» атты алғашқы кітабы, 2016 жылы «Қамшы» авторлық жинағы жарық көрді. Н.Кәрімнің тамаша өлеңдері «Жыр маржаны» атты  қазақ поэзиясының 10 томдық антологиясына енген. Сондай-ақ, Н.Кәрімнің таңдаулы өлеңдерін «Өмірге келер әлі талай Қасым», «Аймақтық ақындар антологиясы», «Бұқар жырауға тағзым» жинақтарынан да оқуға болады.
Мақалалар тізімі:

1. Кәрім, Н. Ақтоғайдан – Алашқа / Н.Кәрім. – Қарағанды: «Арлан» баспасы, 2008. – 120 б.

2. Балқаш аймақтық ақындар антологиясы / Құраст.: Ж.Башар. – Алматы: «Исламнұр» баспасы, 2013. – 344 б. 
3. Кәрім, Н. «Қамшы» /  Н.Кәрім. – Қарағанды: «Типография Арко» ЖШС, 2016. – 84 б.
4. Кәрім, Н // Балқаш өңірі. – 2008. – 3 қазан (№102). - 7 б.
5. Кәрім, Н // Балқаш өңірі. – 2010. – 25 маусым (№77-78). – 7 б.
6. Кәрім, Н // Балқаш өңірі. – 2011. – 24 маусым (№71-72). – 5 б.
7. Біздің тілші облыста үздік атанды // Балқаш өңірі. – 2011. – 29 маусым (№73). – 1 б.
8. Кәрім, Н. Кірпікке ілінген бір мұңын, Жүз жігіт жүрміз – ау көтермей / Н.Кәрім // Балқаш өңірі. – 2012. – 27 маусым (№69). – 4 б.
9. Бақтораз, Е. Оза шауып, олжалы оралды / Е.Бақтораз // Балқаш өңірі. – 2012. – 2 қараша (№119-120). – 1 б.
10. Кәрім, Н. Аяулы ана / Н.Кәрім // Балқаш өңірі. – 2014. – 5 ақпан (№12). – 7 б.
11. Кәрім, Н. Мөлдір күндерім бұлақта қалды, Құлын күндерім құрақта қалды... / Н.Кәрім // Балқаш өңірі. – 2015. – 9 қазан (№110-111). – 5 б.
12. Ақынның кеші өтті дүбірлеген // Балқаш өңірі. – 2016. – 20 сәуір (№43). -1;8 б.
13. Кәрім, Н. Қалам ұстап, ой кешкізген басылым / Н.Кәрім // Балқаш өңірі. – 2017. – 28 сәуір (№47-48). – 7 б.

 

 

 

 


Дата редактирования: 05 Тамыз 2021

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика