Тұрсынбек Ағдарбекұлы 1940 жылы Қарағанды облысындағы бұрынғы Қоңырат ауданының Сарытерек деп аталатын ауылында туған
Ол 1958 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін, Балқаш мыс қорыту зауытының металлургиялық цехына жұмысқа түседі. Т.А.Қалиев өзінің еңбек жолын МБЦ-ның газбан үрлеу қондырғысының машинисінің көмекшілігінен бастайды. Жұмыс істей жүріп, кешкі политехникалық институттың инженер-механик мамандарын дайындайтын факультетін сырттай оқып, оны 1966 жылы бітіреді. Соңынан С.Орджоникидзе атындағы Сібір металлургиялық институтын, инженер-металлург мамандығы бойынша оқып,кәсіби білімділігін одан әрі шыңдай түседі.
1972 жылы МБЦ-ның кәсіподақ төрағасы болып сайланып, соңынан конвертерлік телімнің ауысым шебері, ауысымның аға шебері және металлургиялық цехтың бастығы және орынбасары қызметтерін атқарады.
Т.А. Қалиев 1997 жылдан бастап «Балқаштүстімет» ӨБ-нің өндіріс бөлімінің бастығының орынбасары,соңынан осы өндіріс бөлімінің бастығы, 2000 жылдан бастап өндіріс жөніндегі директор болып жұмыс атқарды.
2004 жылы 10 қарашада Т.А.Қалиевке Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Әдебиеттер тізімі:
1. Драчева, Е. Мамандығы – металлург /Е.Драчева // Балқаш өңірі. – 1996. – 3 тамыз. - №47.
2. Жандәулет, Н. Металлург мерейі./Н.Жандәулет – Балқаш өңірі. – 2000. – 18 ақпан. - №44.
4. Әліпбергенов, М. БКМК-ның тізгіні берік қолда /М.Әліпбергенов // Мысты өңір. – 2002. – 15 қазан.
5. Жүнісұлы, О. Мен есіңе ала жүр / О.Жүнісұлы.-Қарағанды : Қарағанды Полиграфиясы АҚ, 2005. – 11 б.