Көсемсөз шебері, ер жүрек жауынгер Баубек Бұлқышевтың туғанына 100 жыл толуына арналған әдістемелік-библиографиялық құрал //А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы .Құраст.А.Өмірзақ. -Балқаш,2016.-21б.
Асыл сөз маржанының зергерлерінің бірі, халық өнерінің көне көзі - балқаштық ақын-композитор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Шашубай Қошқарбайұлының туғанына 150 жыл толуына арналған әдістеме-кітапнамалық құрал //№4 кітапхана- филиалы.Құраст.Ж.Т.Әлиева. -Балқаш,2015.-145б.
«Өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы» атты библиографиялық көрсеткіш. Бұл көрсеткіш Балқаш қаласының тарихында, көрнекті орын алатын тұлға, алғашқы құрылысшылардың бірі, кенді өлкенің тарихынан сыр шертетін бірнеше кітапты дүниеге әкелген қаламгер Тұғұрыл Қойшымановтың - 100 жас мерейтойына арнайы анықтама беру үшін жасалды, әдебиеттердің тізімі ұсынылады. Құрастырған: Ибрагимова. А.Б.
Бұл кітапнамалық құрал Балқаш қаласының Құрметті азаматы, еңбек Ардагері Жылқыбай Бейісовтің туғанына 90 жыл толуына орай басылып отыр. Деректер кітапхана қорынан алынды. Кітапнамалық құрал барлық оқырман қауымға арналады. Құрастырған: Байболатова П. Б.