С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханасының «Оқырмандарға қызмет көрсету» бөлімі «Балқаш қаласының Құрметті азаматы», «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі», жоғары дәрежелі акушер-гинеколог Жеңіс Тоқашқызы Тоқашеваның туғанына 75 жыл толуына арналған «Мейірімі мол жан» атты өлкетанулық биобиблиографиялық құралды дайындап, оқырмандар назарына ұсынып отырмыз. Кітапшада тәжірибелі дәрігердің өмірі мен қызметі жолындағы қызықты мол мағлұматтарымен таныса аласыздар. Құрал жалпы оқырман қауымға арналған. Құрал Балқаш қаласының 80 жылдық аясында дайындалды. Негізгі мақсат Балқаш өңірінің дамуына үлкен үлес қосқан адамдар туралы маңызды және құнды ақпараттар беру.
Сіздердің назарларыңызға «Балқаш қаласының Құрметті азаматтары» атты биобиблиографиялық құралды ұсынамыз. Оның беттерінде сіз, қаламыздың тарихымен тығыз байланысты адамдардың тағдырлары және өмірбаяндарымен таныса аласыз. Балқаш қаласының тарихында көптеген басшылардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің, мысшылардың, құрылысшылардың, мұғалімдердің, мәдениет және басқа салаларындағы қызметкерлердің аттары мәңгіге өшпестей із қалдырды. Балқаш қаласының мемлекеттік мұрағатының қорында Балқаш қалалық халықтық депутаттар кеңесінің атқарушы комитетінің 1972 жылғы 23 тамыздағы 329/17 «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағын беру ережесін бекіту туралы» шешімі берілген. Алғаш рет бұл атақ 1974 жылы берілді. Балқаш қаласының Құрметті азаматтарының жалпы саны 52 адам. Осы биобиблиографиялық құралда Балқаш қаласының Құрметті азаматтарының фотосуреттері, қысқаша өмірбаяндарының анықтамалары және әдебиеттер тізімі берілген. Мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған құралдың соңында есімдік хронологиялық көрсеткіштері бар. Кітапханашыларға, өлкетанушыларға және өз туған өлкесінің тарихын білгісі келетін оқырман қауымға арналған. Материалдарды жинақтау барысында деректер Балқаш қаласының мемлекеттік мұрағатынан, С. Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапхананың құжаттар қорынан, «Мақалалар», «Өлкетану» электронды каталогтарындағы толық мәтінді деңгейдегі базасынан алынды.
Кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс секторы Тәуелсіздігіміздің 25-жылдық мерейтойы аясында, сіздердің назарларыңызға «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіз Қазақстан» атты әдістемелік құралдың жалғасын ұсынады. Бұл жинаққа өткізілген көпшілік шаралардың сценарийлері мен фотосуреттер енгізілді. Төртінші шығарылым: Мәңгілік мұра, Индустриалды және инновациялы Қазақстан, Тәуелсіздік тарихы, Қазақстан жолы атты әр ай аясында өткен іс – шаралар жинағын қамтиды.
Үшінші шығарылым: Астана. Отан. Жаңа Қазақстанның патриоттылығы; Ғаламдық бастамалар. Қазақстан – бітімгер; Еңбек. Отбасы.Саулық атты әр ай аясында өткен іс – шаралар сценарийлер жинағын қамтиды.
Екінші шығарылым: Зияткерлік ұлт. Нұрлы болашақ; Бейбітшілік. Келісім. Рухани мұра; Мемлекеттік рәміздер атты әр ай аясында өткен іс – шаралар сценарийлер жинағын қамтиды.