«Сырбаз ақын»: Ақын, журналист, этнограф, жазушы Мүбәрак Жаманбалиновтың туғанына 95 жыл: Ақпараттық буклет // №4 «Сырлас» кітапхана-филиалы; құраст. Ж. Әлиева.- Балқаш, 2019. – 19б.- суретті. Қазақ балалар поэзиясы әңгіме болған сәтте Мүбәрак Жаманбалинов есімін айрықша құрметпен айтуға болады. Ол – қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі. Қарапайым, сабырлы, ақкөңіл, жеке басының кісілігімен, жүрек жылуымен төңірегін нұрға бөлеген ардақты азамат – ақын. Буклетте ақынның өлеңдері, ертегілері мен жаңылтпаштары, жұмбақтарынан үзінділер берілген. Кітапша ұстаздар мен бала-бақша тәрбиешілерге және жыр сүйер оқырман қауымына арналады.
«Ақиқаттың мекені – жүрек»: Әбіш Кекілбаевтың көркем ой мен көркем сөзден өрілген нақыл сөздері // №4 «Сырлас» кітапхана-филиалы; құраст. Ж. Әлиева.- Балқаш, 2019. – 28б.- суретті. Қазақстан халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтің ел есінде қалған қанатты сөздерін оқырмандар назарына ұсынып отырмыз. Кітапша барлық оқырман қауымына арналған.
«Мен жастарға сенемін»: Электронды буклет // №4 «Сырлас» кітапхана-филиалы; құраст. Ж. Әлиева.- Балқаш, 2019. – 9б.- суретті. Болашақтың шамшырағы болу - жастардың ең абыройлы парызы. Буклетке жастар туралы айтылған ақындар өлеңдері жинақталған. Басылым көпшілік оқырман жастарға арналған.
«2019 ЖЫЛ – ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР ЖЫЛЫ»: Электронды буклет // №4 «Сырлас» кітапхана-филиалы; құраст. Ж. Әлиева., Қожамұратова Ш.- Балқаш, 2019. – 11б.- суретті. Буклетке қазақ зиялыларының жастар туралы айтылған ұлағатты сөздері жинақталған. Басылым көпшілік оқырман жастарға арналған.
«Айтулы тұлғалар, атаулы күндер» Электронды буклет / №4 «Сырлас» кітапхана-филиалы; құраст. Ж. Әлиева.- Балқаш, 2019. – 14б.- суретті. Буклетке елімізге танымал атақты адамдар, ақын-жазушылардың, мәдениет және өнер қайраткерлерінің мерейтойлары енгізілген. Көрсеткіш кітапханашыларға, оқытушылар мен студенттерге, мәдениет қызметкерлеріне және жалпы оқырмандарға арналған.