"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Кітапхана басылымдары


Балқаш қаласының Құрметті азаматтары: биобиблиографиялық құрал/ С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапхана: құраст.: П.Б.Байболатова, Л.М. Қалиева, Ж.Қ. Сопина. -Балқаш,2017. 96 б.- суретті

Сіздердің назарларыңызға «Балқаш қаласының Құрметті азаматтары» атты биобиблиографиялық құралды ұсынамыз. Оның беттерінде сіз, қаламыздың тарихымен тығыз байланысты адамдардың тағдырлары және өмірбаяндарымен таныса аласыз. Балқаш қаласының тарихында көптеген басшылардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің, мысшылардың, құрылысшылардың, мұғалімдердің, мәдениет және басқа салаларындағы қызметкерлердің аттары мәңгіге өшпестей із қалдырды.
Балқаш қаласының мемлекеттік мұрағатының қорында Балқаш қалалық халықтық депутаттар кеңесінің атқарушы комитетінің 1972 жылғы 23 тамыздағы 329/17 «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағын беру ережесін бекіту туралы» шешімі берілген.
Алғаш рет бұл атақ 1974 жылы берілді.
Балқаш қаласының Құрметті азаматтарының жалпы саны 52 адам.
Осы биобиблиографиялық құралда Балқаш қаласының Құрметті азаматтарының фотосуреттері, қысқаша өмірбаяндарының анықтамалары және әдебиеттер тізімі берілген.
Мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған құралдың соңында есімдік хронологиялық көрсеткіштері бар. Кітапханашыларға, өлкетанушыларға және өз туған өлкесінің тарихын білгісі келетін оқырман қауымға арналған.
Материалдарды жинақтау барысында деректер Балқаш қаласының мемлекеттік мұрағатынан, С. Сейфуллин атындағы Орталық  қалалық кітапхананың құжаттар қорынан, «Мақалалар», «Өлкетану» электронды каталогтарындағы толық мәтінді деңгейдегі базасынан алынды. 

 




Ұлы Дала Елі - Тәуелсіз Қазақстан: әдістемелік құрал.-Төртінші шығарылымы./С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханасы/.- Балқаш, 2016. - 120б.

 

Кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс секторы Тәуелсіздігіміздің  25-жылдық мерейтойы аясында, сіздердің назарларыңызға «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіз Қазақстан» атты  әдістемелік құралдың  жалғасын ұсынады. 
Бұл жинаққа өткізілген көпшілік шаралардың сценарийлері мен фотосуреттер енгізілді.
Төртінші   шығарылым:  Мәңгілік мұра, Индустриалды және инновациялы Қазақстан, Тәуелсіздік тарихы, Қазақстан жолы атты әр ай аясында  өткен  іс – шаралар   жинағын қамтиды.




 Ұлы Дала Елі- Тәуелсіз Қазақстан:Әдістемелік құрал.-Үшінші шығарылымы.-Балқаш, 2016.- 45б.

Үшінші  шығарылым:  Астана. Отан. Жаңа Қазақстанның патриоттылығы; Ғаламдық бастамалар. Қазақстан – бітімгер; Еңбек. Отбасы.Саулық  атты әр ай аясында  өткен  іс – шаралар  сценарийлер жинағын қамтиды.




  Ұлы Дала Елі- Тәуелсіз Қазақстан:Әдістемелік құрал.-Екінші шығарылымы.-Балқаш,2016.-46б.

Екінші  шығарылым:  Зияткерлік ұлт. Нұрлы болашақ; Бейбітшілік. Келісім. Рухани мұра; Мемлекеттік рәміздер атты әр ай аясында  өткен  іс – шаралар  сценарийлер жинағын қамтиды.




  Ұлы Дала Елі- Тәуелсіз Қазақстан:Әдістемелік құрал.Бірінші шығарылымы. - Балқаш, 2016.-  37б.

Кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс секторы Тәуелсіздігіміздің  25-жылдық мерейтойы аясында, сіздердің назарларыңызға «Ұлы Дала елі – Тәуелсіз Қазақстан» атты  әдістемелік құралдың шығарылымын ұсынады. 
Бірінші шығарылым: Кәсіби және тиімді мемлекет; Дені сау ұлт. Спортты Қазақстан; Болашағы біртұтас ұлт. Ұлы дала дәстүрлері атты әр ай аясында  өткен  іс – шаралар  сценарийлер жинағын қамтиды.



беттер: 272829303132333435
Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика