Қарым-қатынастың жаңа форматы: кітапханалық карантин: әдістемелік ұсыныстар / С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханасы. Кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс секторы; құраст. Н.Кабызова. – Балқаш, - 2020. – 20б.
Кітапхана қызметін көрсету және оқырмандармен мәдени жұмыс жасау тек кітапхана ғимаратында жасалады деген пікір кең таралған. Алайда, ақпараттық технологиялар пайдаланушының қатысуымен мәдени шараларды қашықтықтан ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл да қазіргі жағдайда өз септігін тигізіп отыр, себебі коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты кітапханалар пайдаланушыларға онлайн түрде қызмет көрсетуге көшті. Осы әдістемелік ұсыныстар кітапханалардағы мәдени іс-шараларды тиімді жүзеге асыруға және есепке алуға көмектесуге бағытталған.
С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхананың кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс секторы жыл сайын Қазақстанның, жақын және шет елдердің, өңірдің атаулы, тарихи және айтулы күндеріне арналған күнтізбесін шығарады.
Күнтізбе мәдениет және білім беру қызметкерлеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.