"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Ынтықбаев Ибраем

Просмотров: 1711

 

     Ыбрайым Әбдіхалықұлы Ынтықбаев 1920 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Өзінің еңбек жолын 17 жасында Балқаш мыс балқыту зауытынан бастайды. 1941 жылы Балқаш қалалық әскери комиссариатының шақыртуымен майданға аттанды. Бір жылдан кейін, қысқа мерзімді командирлер курсын бітіріп, I Украин майданында атты әскер полкының взводын басқарды. 1943 жылы аға лейтенант 350-атқыштар дивизиясының взвод командирі болып әскери қызметін жалғастырды.
      Польша жерін азат етуде ауыр жарақаттанып, 1944 жылы желтоқсанда соғыс даласынан елге оралады. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін Ы.Ынтықбаев «Қызыл Жұлдыз» және «Отан соғысының» I, II дәрежелі ордендерімен, «Германияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.
     Майданнан оралған Ы.Ынтықбаев Балқаш мыс зауытының автобазасына кезекші диспетчер, кейін автобазаның машинаны пайдалану басқармасының басшысы болып еңбек етті. Сондай - ақ, 15 жыл бойы осы мекеменің партия ұйымының хатшысы қызметін қоса атқарды.
     Зейнеткерлікке шыққан соң да, Ы.Ынтықбаев көп жылдар бойы «Балқашмыс» ӨБ автокәсіпорынның Ардагерлер кеңесін басқарып, кейін «Балқаш қалалық мүгедектер қоғамы» ҚБ бірінші төрағасы болып қызмет атқарды.
     Ыбрайым Ынтықбаев қашанда өзінің еңбекқорлығымен, қарапайымдылығымен ерекшеленіп, адамды өзіне тарта білетін жайсаң мінезді жан болды. Оның алдына келген әр адамға жылы сөзімен, кеңесімен, игілікті ісімен қол ұшын соза білді.
    Көп жылдар бойғы жемісті, адал еңбегі мен қоғамдық өмірге белсенді араласқан Ыбрайым Ынтықбаевқа 1994 жылы «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
     Ұлы Отан соғысына қатысушы, қаланың Құрметті азаматы Ыбрайым Ынтықбаев 2019 жылы 99 жасына  қараған шағында өмірден өтті.


Әдебиеттер тізімі:

1. Мұстафин, С.  Балқаш қаласының құрметті азаматтары / С.Мұстафин. –Балқаш, 2000. – 83-84 б.
2. Балқаш. Тарих беттері (1936-2007 ж.ж.): Құжаттар мен материалдар жинағы / Құраст.: Жексенова Н., Исабекова А., Сәкенова Р.- Қарағанды, 2007.-199-201 б.
3. Башар, Ж. Үркер туғанда / Ж Башар. - Қарағанды: Арко, 2009. – 53-57 б.
4.  Малтабаров, Е. Сексеннің сеңгірінде / Е.Малтабаров  // Балқаш өңірі. – 2000. – 13 қаңтар.
5. Айтжанұлы,  Қ. Сұрапыл соғыс шыңдаған / Қ.Айтжанұлы // Балқаш өңірі. - 2002. - 9 мамыр (№36). – 2 б. 
6. Башар, Ж. Жолбарыстай жауға атылған / Ж.Башар. – Қарағанды: «Арко» баспаханасы, 2009. – 53-57 б.
7. Башар, Ж. Жасындай жауға тиген / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2010. – 3 ақпан (№14-15). – 6 б.
8. Берікбол, Ш. Қарттарым, аман сау жүрші / Ш.Берікбол // Балқаш өңірі. – 2015. – 27 ақпан (№22-23). – 2 б.
9. Мақсұтұлы, Қ. Ардагерлер аман болсын / Қ.Мақсұтұлы // Пульс. – 2015. – 27 ақпан (№9). – 7 б.
10. Жүнісұлы, О. Қарт сарбаздың ризашылығы / О.Жүнісұлы // Орталық Қазақстан. – 2015. – 27 қаңтар (№10). – 1 б.
11. Ерлікке толы ғұмыр // Балқаш өңірі. – 2016. – 6 мамыр (№49-50). – 3 б.
12. Маратұлы, Н. Ардагерлерге құрмет / Н.Маратұлы // Балқаш өңірі. – 2016. – 13 мамыр (№51-52). – 3 б.
13. Ұрпаққа мәңгі тағзым етеді алдында // Балқаш өңірі. – 2017. – 5 мамыр (№15). – 3 б.
14. Каукербекова, Г. Қала әкімі ардагерлерді құттықтады / Г.Каукербекова // Балқаш өңірі. – 2017. – 20 қыркүйек (№105). – 3 б.
15. Айтқазықызы, Ф. Ардагерлерді құттықтады / Ф.Айтқазықызы // Балқаш өңірі. – 2018. – 11 мамыр (№45-46). – 2 б.
16. Базылхан, А  Жеңісті жақындатқан жауыңгерлер / А.Базылхан // Балқаш өңірі. – 2018. – 4 мамыр (№43-44). – 2 б. 
17. Ыбрайым Ынтықбаев: қазанама // Балқаш өңірі. – 2019. – 21 тамыз (№12). – 8 б.
18. Жүнісұлы, О. Сен киелісің, Балқашым / О.Жүнісұлы // Орталық Қазақстан.
19. Ер есімі ел есінде // Балқаш өңірі. – 9 мамыр (№39-40). – 2 б.
20. Тойымбекова, Ш. Ерлікке тағзым / Ш.Тойымбекова // Балқаш өңірі. – 2020. – 12 ақпан(№11). – 6 б.

 

Дата редактирования: 28 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика