Игенұлы Райымқұл 1941 жылы 19 қыркүйекте Ақтоғай ауданы Бірлестік колхозында дүниеге келді. 1959 жылы Шет ауданына қарасты Ақшатау кентінде 10 жылдық мектепті бітіріп, 1962 жылы Қарағанды қаласындағы №4 техникалық училищесінде бұрғылау шебері, коллектор-жүргізуші мамандықтарын игерді. 1962-1964 жылдар аралығында Балқаш кен-барлауда (ГРП) бұрғылау шебері болып, Балқаш қаласының халқына тұщы су көзін ашқандардың бірі. 1964–1968 жылдары Целиноград ауылшаруашылық институтының экономика факультетінде оқиды. Ақтоғай совхозында 1969-1971 жылдар аралығында бас бухгалтердің орынбасары болып қызмет етті. 1971–1972 жылдары Балқаш социалистік меншікті ұрлау және алыпсатарлыққа қарсы күрес (ОБХСС) бөлімінің инспекторы қызметін атқарады. Осы жылдары Ташкент қаласында милиция институтының 6 айлық курсын игереді. 1972 жылдың мамыр айынан бастап Гүлшат совхозында бас экономист, кәсіподақ төрағасы, бастауыш партия ұйымының хатшысы, совхоз директоры қызметтерінде 9 жыл, сондай-ақ Балқаш қаласының әкімшілігіне қарасты мекемелерде 14 жыл еңбек еткен. 1977 жылдан Приозерный, Тоқырауын, Ақтоғай аудандарында аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, аудандық атқару комитетінде жалпы бөлім меңгерушісі, азаматтарды қорғау бөлімінің басшысы, әкімшіліктің бөлім меңгерушісі, Озерный кенті басшысының орынбасары болып қызмет атқарды. 1979–1984 жылдары Ақтоғай-Тоқырауын ауданына қарасты ауылшаруашылық басқармасы басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Р.Игенұлы КСРО кезінде бірнеше рет облыстық партия кәсіподағы конференцияларының делегаты, аудандық партия пленумдарының мүшесі, кеңес депутаты болып тағайындалды. 1991 жылы наурыз айында КСРО жоғарғы советі президиумы «Еңбек ардагері» медалімен марапаттады. Райымқұл Игенұлы Қарағанды облысының қоғамдық - саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін 2000 жылы облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2004 жылдың қазан айынан бастап зейнеткер. Балқаш қаласының «Ардагерлер» қоғамдық бірлестігінің мүшесі.