"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Григорьевский Владимир Александрович

Просмотров: 1529

     Григорьевский Владимир Александрович 1960 жылы Шымкенттің политехникалық техникумын бітірді. Ол өзінің еңбек жолын темір-бетон зауытында техника шеберінен бастап, зауыт директорлығына дейін көтерілді. 1979 жылы құрылыс тресінің партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Осы жылдары В.А.Григорьевский өндірістегі жұмысын оқумен жалғастырып, Қарағандының политехникалық институтының кешкі бөлімін бітіріп, 1975 жылы құрылысшы - инженер мамандығын алады. Партия қызметін 3 жыл атқарған соң, Владимир Александрович 1982-1986 жылдары құрылыс тресінің бас инженері, басқарушысы болып жұмыс істеді. Мұндай өте жауапты міндеттерді де ол ойдағыдай атқара білді.

1988 жылы В.А.Григорьевский қалалық партия комитетінің 2-ші хатшысы болып сайланды.Ал 1990-1993 жылдары ол Балқаш қаласының еңбекшілер депутаттары Кеңесінің атқару комитетінің төрағасы, қала әкімінің орынбасары болды.Владимир Александрович қандай орында болса да іскерлігімен, адамгершілік қасиетімен көріне білді. 1997 жылдан бастап “Қазақмыс” корпорациясының шақыруымен, Балқаш кен-металлургия комбинатында әлеуметтік және жалпы мәселелер жөніндегі директор болып қызмет атқарды. Ол сонымен бірге,“Құрмет белгісі” орденімен, “Еңбектегі қажырлылығы үшін” медалімен, Құрылыс министрінің, облыстық атқару комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

2000 жылы 19 қаңтарда В.А.Григорьевскийге Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Әдебиеттер тізімі:

1Оразымбетов, М. Қошемет көрсетілді /М.Оразымбетов // Балқаш өңірі. – 2000. – 28 қаңтар. - №8(2б.)

2. Мұстафин, С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары: тарихи-өмірбаяндық очерк /С.Мұстафин.-Балқаш,2000. – 132-133 б.

3. Оразымбетов, М. Кәсіби шеберліктерін сынға салды /М.Оразымбетов // Балқаш өңірі. – 2002. – 2 тамыз.

4. Балқаш. Тарих беттері. Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС, 2007. – 87,88,155,158,185,188,199-200,202 б. 

5. Балқаш. Тарих беттері (1936-2007 ж.ж.): Құжаттар мен материалдар жинағы / Құраст.: Жексенова Н., Исабекова А., Сәкенова Р.- Қарағанды, 2007.-199-200,202 б.

6.Тойымбекова, Ш. Ардагер құрмет құшағында  / Ш.Тойымбекова // Балқаш өңірі. – 29 қаңтар (№7). – 2 б.


Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика