"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Үйде жалғыз қалғанда, Сіз ...?

Епанчинцев Виталий Тимофеевич

Просмотров: 8

     1929 жылдың 28 сәуірінде Алтай өлкесі, Чарышский аудавны, Шапуновао ауылында дүниеге келген. 1930 жылы В. Епачинцевтер  отбасы тұрақты Шығыс Қазақстан облысы, Самарский ауданы, Кулуджун кенішіне көшіп барады. В. Епанчинцев Самарка ауылындағы №7 БОМ 7 сыныпты тәмамдағаннан кейін 1943- 1946 жылдар аралығында Добролюбовка колхозында жұмыс жасайды.

1946 жылы В. Епачинцев Алматы қаласындағы паравоз машинистер курсын бітіріріп, Семей облысындағы Чарская депо паровоз машинисті болып жұмысқа жіберілді. Содан кейін, 1948 жылы Виталий Тимофеевич Алматы қаласындағы Жолтехникалық мектебінде паровозды машинист курсын бітіріп Семей қаласындағы Чарская депо паровоз аға машинисі болып тағайындалды.

1953 жылы В. Епанчинцев Шу станциясы, Түркістан-Сібір темір жол жолтехникалық мектебінде паровоз машинисінен тепловоз машинисіне білімін жетілдіру курстарын бітірді. Курсының соңында 1954 жылғы 28 шілдедегі 2989/5 №12 бастығының бұйрығымен Чарская депосынан Шу станциясының Саршыған бөлімшелері, Түркістан-Сібір темір жол поездарының қозғалыстарының қауіпсіздіктерін қадағалаушы болып ауыстырылды.

Ташкент электромеханикалық техникумды бітіргеннен кейін 1959 жылы Қарағанды темір жолы бөлімшесінің бастығының 1959 жылғы 24 шілдедегі № 168 бұйрығымен В. Епанчинцев Балқаш паровоз депосының бастығы болып тағайындалды.

Балқаш локомотив депосының 30 жылдан астам жемісті жұмыс күндері ішінде В. Епанчинцевке «КСРО Құрметті теміржолшысы», Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған, «Ерен еңбегі үшін» екі медальмен, мерейлі медалімен, КОКП және КСРО Кеңес Министрлерінің, ҚазКСР ОК комсомолының құрмет грамоталарымен, 1963, 1974, 1975, 1976 жж, 9-шы бесжылдық жеңімпаздар белгісімен марапатталған.

В. Епанчинцев халық депутаттарының қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланған.

2007 жылғы 4 сәуір В.Т. Епанчинцевке Балқаш қалалық мәслихатының  шешімімен "Балқаш қаласының Құрметті азаматы" атағы берілді.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Әбілқайырқызы, А. Мерейтойыңмен, Балқаш /А.Әбілқайырқызы // Мысты өңір. – 2007. – 13 сәуір(№15).

2. Балқаш қаласының мемлекеттік мұрағатының Ф. 262. ОП. 1.Д.200.Л.116. құжаты.


Дата редактирования: 04 Желтоқсан 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика