"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Буравов Дмитрий Александрович

     Балқаш қаласына келу себебі Кольчугиндегі түсті металл өңдеу зауытының 1941 жылы тылдағы Балқашқа көшірілуіне байланысты болды. Көшу-қону кезеңінде Д.А.Буравов сол кездегі түсті металлургия халық комиссарының (Ломако П. Ф.) ерекше тапсырмаларын орындады. Бірінші көшті басқарды, ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті. Зауытты аз күнде іске қосуда ерекше еңбек жасады.

Бұл кезде Дмитрий Александрович зауыттың жабдықтау бөлімінің бастығы болатын.

1943 жылы зауыт директорының орынбасары болып тағайындалды. Балқаш қаласының екінші өрлеу дәуірі осы кезеңде басталды. Қаламызда көптеген тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық орталықтар пайда болды, көшелеріміз көркейді. Осы жетістіктердің бәрінде Д.А. Буравовтың зор еңбегі белгілі орын алды.

1947 жылы Дмитрий Александрович Балқаш қаласының еңбекшілер депутаттары кеңесінің төрағалығына сайланды.

Ал 1952 жылы Буравовты Балқаш коммунистері қалалық партия комитетінің бірінші хатшылығына ұсынады, онда 4 жылдан астам уақыт қызмет атқарды.

1956 жылы Д. А. Буравов түсті металл өңдеу зауытына директордың орынбасарлығына қайтып оралды, екі жылдан соң Балқаш кен-металлургия комбинатының директорының орынбасарлығына тағайындалды.

Онан кейін 1959-1965 жылдары Дмитрий Александрович металлургия өндірісі жұмысшылары кәсіподағының Қарағанды облыстық комитетінің төрағалығына сайланды. Денсаулығына байланысты қайтып оралғаннан кейін зейнеткерлікке шыққанша (1976 жылға дейін), түсті металл өңдеу зауытында бұрынғы қызметін атқарды.

Д. А. Буравов белсенді қоғам қайраткері болып та көзге көрінді. Ол екі рет Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің мүшелігіне кандидат болып, 14 рет облыстық партия комитетінің мүшесі, 9 жыл бойы қалалық Кеңестің депутаты, 6 жыл республикалық металлургия өндірісінің кәсіподақ мүшесі болды.

Д. А. Буравов көп жылғы жемісті еңбегінің арқасында үкіметке де, халыққа да қадірлі болды. Ол «Еңбек Қызыл Ту», екі рет «Құрмет белгісі» ордендерімен, Ұлы Отан соғысы кезіндегі «Ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Ал мақтау грамоталарды КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумынан екі рет, ВЦСПС Президиумынан, Қазақстан Республикасының кәсіподағынан, облыстық кәсіподақтан 3 рет алды.

Дмитрий Александровичтің біздің қаламыздағы 35 жылғы еңбегін айтар болсақ, ол қаламыздың көркеюіне, экономикасын, өндірісін дамытуына, мәдени - әлеуметтік жағынан да өсуіне зор үлес қосты.

1976 жылы мамыр айының 26 күні еңбекшілер депутаттарының қалалық Кеңесінің шешімі бойынша Д.А.Буравовқа «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Мұстафин, С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары: тарихи-өмірбаяндық очерк /С.Мұстафин.-Балқаш,2000. – 152 б.


Дата редактирования: 13 Шілде 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика