"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Online электрондық кітаптары


Пайдалы да терең ойлы болған 2013 жылдың 12 кітапшасы

1.     Иллюзионология. Таңғажайыптардың адам сенбес коллекциясы

Көптеген терезешелер, ауқымды фигуралар, желімдеп жапсырылған суреттер және құпия орыншалар осы кітапты нағыз ойыншық - өте маңызды етеді, өйткені оның көмегімен адам өзінің иллюзия және фокустарды көрсетуге үйреніп алуға немесе басқа бір иллюзионисті «таза суға шығаруына» көмектеседі. Өйткені онда бұндай пайдалы кітапшаның болмауы да мүмкін!

 

2.     Баттерфилд М. Супер ой-пікірлер мен қалжыңдар кітабы. Әлемдегі ең тамаша жігіт үшін

Достардың көңілін көтеру, сыныптастарды күлдіріп көңілдендіру, ата-аналарды кездейсоқ бас қатырғышпен ойландырып тастау? Жеңіл. Бұл кітаппен көптеген жаңалықтарды біліп, ойда жоқ заттарға үйренуге   болады, яғни тамаша жігіт боласың! 

 

3.     Баркер Дж. Супер ой-пікірлер мен қалжыңдар кітабы. Әлемдегі ең тамаша қыз үшін

Бұл кітапшамен ағылшын тілін жақсартуға және бос уақытта аспаздық жағынан үйренуге, сурет салуға, шифровканы меңгеруге болады – барлық мүмкіндіктерді еске де түсіре алмайсың. Әрбір тамаша және жарқын қыз үшін нағыз тамаша кітапша. 

 

4.     Нағыз ханшайым. Практикалық бағыт

Жай армандап қана қоймай, қалайша нағыз ханшайым болуға болады? Көп оқу керек, батыл болып, өзін жақсы ұстай білу керек – жеңіл емес, ханшайымдық істе көптеген білгірліктер бар! Бірақ та осы тартымды кітапша патша қандас әйелдерден қалыспау үшін не істеу жөнінде тәжірибелік бағыт беретін көмекші құрал бола алады. 

 

5.     Бәрін білгім келеді! Үлкен иллюстрацияланған ақыл-парасат энциклопедиясы

   

Осы энциклопедиядан бәрін білуге болады. Бұл кәдімгі оқулық – бұл жерде география да, биология да, тарих та... қамтылған.Тек қана бұл кітап оқулыққа қарағанда ашық түсті және қызығырақ, өйткені бұнда бәрі жеңіл тілде қызық жазылған және суреттермен безендірілген. Ал әліпбилік тәртіп қазір не қызық, соны тез тауып бере алады. 

 

6.     Динозаврлар

Осыдан жүздеген жылдар бұрын Жер бетін динозаврлар мекендеген еді – алып және одан кішірек, жыртқыш және шөпқөректі, бейбіт және агрессивті – жұмбақ және танылмаған. Кітаптан динозаврлардың қандай болғанын ғана емес, сондай-ақ,  Disney бейнефильміндегі сүйікті кейіпкерлермен де жақынырақ танысуға болады.

 

7.     Нағыз ұлдарға арналған құпиялардың жинақ сандықшасы

Гербарийді қалай жасауға болады? Күркені қалай тұрғызу керек? Балықты қалай аулауға болады? Бұлардың барлығы күрделі, бірақ та мүмкін. Ал пайдалы кітап бұл сұрақтарға ғана жауап беріп қоймайды, сонымен қатар ол жерден басқа да ондаған сұрақтарға жауап табуға көмек береді. Осы кітаптың арқасында қауіпті жыландарды қауіпсіз жыландардан айыруға, шифрлеу мәдениетін меңгеруге басқа да көптеген нәрселерге үйренуге болады. Шаруашылыққа өте пайдалы зат. 

 

8.     Сесиль Мэри Баркер. Феялар патшалығы. Панорама-кітапша

Кітап жанды сияқты: ашсаң ішкі жағы көрінеді – емен жапырақтарының көлемді будасы немесе ағаштың тұтастай гүл шоғы, немесе мүк басқан ағаш діңі шығады. Сол беттердің шытырмандарында феялар тығылып отырады. Олардың қай бұрыштарда тығылып отырғанын табуға себебін тигізеді. 

 

9.     Жануарлар

Жарқанаттарды неге осылай атайды? Ал акула – қолқанаттыларға жата ма, әлде балық па? Бегемот жүзи ала ма? Осы және тағы да басқа сұрақтарға жауапты ашық түсті мұқаба астынан табасыз. Суреттер, панорамкалар және тосын сыйлар жануарлар әлемі жөнінде қызық та, көрнекі түрде әңгімелеп береді. 

 

10.     Білімқұмарлар үшін үлкен энциклопедия

Осы тартымды энциклопедияда кішкентай негешілер өздерінің жүздеген сұрақтарына жауап табады.  Disney кейіпкерлері қоршаған ортаны зерделеу ісінде таптырмайтын көмекшілер болады: тарих пен қызық деректер сізді осы пайдалы кітапшаның мұқабасы астында күтуде. 

 

11.     Disney. Менің алғашқы сөздерім. 33 дыбыстық шытырлықтар

Disney кейіпкерлері Винни-Пух және оның достары ең кішкентай бүлдіршіндерді орыс және ағылшын тілдеріндегі алғашқы сөздерге үйретеді! Таңғажайып дыбыстық кітапша ішті пыстырмайды және өте жақсы алғашқы оқулық бола алады. 

 

12.      Ермакович Д.И.  Болашақ ханымға арналған суперэнциклопедия

Бұл пайдалы кітап кез-келген жас бойжеткенге адал серік және кеңесші бола алады. Өйткені әрқилы косметика және киімдерді, саяхатты, жақсы әдетті, сондай-ақ, басқадай мәселелерді жете түсіну, олардың басын ашу маңызды. Бұндай көмекшімен ешқандай жағдайлар қорқынышты емес! 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика