Өткен 2013 жыл кітап шолуларына бай болды. 2013 жылы қазақстандық оқырмандарға қызығушылық тудырған отандық әдебиеттің тізімін ұсынамыз. Біздің шолу қазақстандықтардың өз кітап сөрелерінде замандастарының шығармаларын көргісі келетіндіктерін көрнекі көрсетеді.
Шолуда публицистика мен беллетристика жинақталған, ал бұл - қазақстандық авторлардың жазуды және шығаруды арттырғанын ғана емес, сонымен қатар, қазақстандық оқырмандардың заман талабының қызу мәселелерін көтеретін, өз уақытына сай шығармаларды оқығысы келетінін көрсетеді.
«Нақыл сөздер немесе «Сөздер кітабы» - ұлы қазақ ақыны және ағартушысы Абай Кұнанбаевтың күрделі шығармасы. Ол 45 қысқаша нақыл және философиялық трактаттан тұрады. Бұл прозалық поэмада ұлттық тәрбиенің және дүниеге көзқарастың, адамгершілік пен құқықтың, қазақ тарихының мәселелері қозғалды.
Абай «Нақыл сөздерді» өкімет алдап-арбауын және жер бетіндегі тірліктің қиындығын көріп, халық таныған, сондай-ақ, жақындарын жоғалтқан кезінде, жасы ұлғайған шақта жазған. Абайдың бұл еңбегі дүние жүзінің көптеген тілдеріне аударылған, атап айтқанда орыс, қытай, француз және т.б.
2010 жылы Абайдың кітабы «Панднома» атымен алғаш рет тәжік тіліне аударылып, басып шығарылды. Атақты публицист және абайтанушы Фатхулло Азизов бұл кітапты адамзат мектебі деп атады.
2. Радик Темиргалиев: Қазақтар және Ресей
Радик Темиргалиевтің «Қазақтар және Ресей» кітабы XVIIІ-XIX ғасырларда қазақ жерінің Ресей империя құрамына ену тарихына арналған. Масштабтық зерттеуде процестің барлық сатысы көрсетілген: қазақ жүздеріне протекторатты белгілеуден бастап автономиялық басқару қалдығын жоюға дейін. Қазақ-орыс қарым-қатынасының дамуына көрнекті тұлғалардың қосқан үлесіне және өткен тарихтың аса белгілі емес беттеріне ерекше мән берілген.
3. Темірғалиев Радик: Ақ-Орда. Қазақ хандығының тарихы
Тарихшы және жазушы Радик Темірғалиевтің «Ақ-Орда. Қазақ хандығының тарихы» кітабы тарихтағы Дешті Қыпшақ ірі мемлекеттерінің тарихына арналған, ол тарихта Ақ-Орда, Урустар киіз үйі, Қазақ хандығы аттарымен әйгілі болған. Автор жұмысында осы мемлекеттің бастама тарихына және қазақ халқының этникалық тарихы мәселелеріне ерекше мән береді. Еске сала кетеміз, бұл кітаптың екінші рет басылып шығуы, бұрын ол 200 дана басылыммен, «Қазақ хандығының нағыз тарихы» атымен 2009 жылы жарық көрген болатын.
4. Мақатаев М.: Махаббат сазы
«Махаббат сазы» - ХХ ғасырдағы айқын қазақ ақындарының бірі Мұқағали Мақатаевтың лирикалық өлеңдерінің жинағы. Оның есімін Абай, Әуезов және басқа да қазақ әдебиетінің классиктерімен қатар атайды. Мақатаевтың бар шығармашылығының лейтмотиві – адамдарға, өз халқына және еліне деген шынайы махаббаты болып табылады. Ол өз замандастарының өмірі мен еңбегінің мүддесін толықтай білдіретін ең дұрыс сөздерді іздеп, таба білген, оның өлеңдері адамға деген мейірімділік пен махаббатқа толы.
5. Кургулина Г.: Бәйбіше мен Тоқал
Гульбахрам Кургулинаның «Бәйбіше» атты алғашқы кітабы Қазақстанда үлкен табысқа ие болған. «Бәйбіше» романы туған-туыс және жақын адамдардың қиын қарым-қатынастары жөнінде әңгімелейді. Барлығы қатты қиналады, әсіресе балалар. Сүйе білу керек, кешіре білу керек, бір-бірін түсіне білу керек. Өмір деген өте қысқа ғой...
Гульбахрам Кургулинаның шығармасы оқырмандарды бейтарап қалдырмады, сондықтан да жазушының қазақстандық қастерлеушілері оның «Тоқал» романын (2013 жылы жарық көрді) тағатсыздана күтті. Екінші романы «Тоқал» бас кейіпкерлер Жәнібектің, оның мейірімді, иманды анасы Жамал апайдың, олардың сүйікті ұлы және немересі Қасымның қайғылы тағдыры жөнінде әңгімелейді.
6. Зира Наурзбаева: «Қазақтың мәңгілік аспаны»
Зира Наурзбаева қазақ мәдениеті мен философиясын қайта жаңарту саласындағы әйгілі маман болып табылады. Өзінің «Қазақтың мәңгілік аспаны» кітабында Наурзбаева түрік көшпенді мәдеиетінде табиғат пен тұрмыстың өзара байланысын, әскери салт-жоралардың туындауын, қазақ мифтерін, музыкасын, өнерін, сондай-ақ негізгі мәдени архетиптерін талдайды.
Дәстүрлі қазақ әдебиетінде әйел бейнесі маңызды рөл атқарады. Зираның өзінің айтуы бойынша «бұл кітап – қазақ мәдениетін жасаушылары туралы, нақты айтқан кезде, оның шығармашылық бастамасы жөнінде. Бұл қазақ мәдениетінің Субъектісі – әскери-музыканттың ішкі жан-дүниесін құру, қайта жаңартуға әрекет ету, өйткені қазақ салт-дәстүрінде әрбір ер адам оның ішінде музыкант та әскери адам болған, әскери мәртебе иегері, «ер адам» және «қаһарман» түсініктері «ер» сөзіне бірдей етіп сайылды.
7. Марат Әбиев: «Қазақстандық арман»
Табысты қазақстандық кәсіпкер Марат Әбиев «Қазақстандық арман» атты өз кітабында Қазақстанда өз миллион долларын қалай адал және абыроймен табуға болатыны жөнінде жаңа принципті, пәрменді ұсыныстар береді. Кітап ешқандай қиыншылықтарға мойымай, одан әрі қадам жасайтын, бизнес саласында әрекет жасағысы келетіндер үшін арналған. Сонымен қатар, бұл кітап «алтын жастар» санатына жатпайтындар үшін де арналған.
8. Қуат Домбай: Абырой менеджмент. Абырой-беделді және PR басқару
Белгілі қазақстандық PR-технолог Қуат Домбай 2013 жылы Public Relations теориясы мен практикасына арналған өзінің екінші кітабын шығарды. «Абырой-менеджмент. Абырой-беделді және PR басқару» жұмысында автор клиеттердің ниеттестігін бекіту, компания капитализациясын ұлғайту мақсатымен, корпоративтік беделді орнату әдістері жөнінде сөз қозғайды, сондай-ақ, корпоративтік коммуникацияның тиімді функцияларын құру бойынша практикалық кеңестер береді. Қуаттың пікірі бойынша іскерлік немесе жеке дербес атақ-бедел екі заттан құрылады: сенім мен уақыттан.
Домбайдың «Понтсыз PR» атты алғашқы кітабы 2009 жылғы сәуірде жарық көріп, қоғаммен байланыс бойынша алғашқы қазақстандық кітап болды.