"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Бөлекова Мөлдір Иманғалиқызы

Просмотров: 237

           Мөлдір Бөлекова Иманғалиқызы 1958 жылы Ақтоғай ауданының Қоңырат  совхозында дүниеге келген. Нарманбет ауылындағы № 6 орта мектебін аяқтағаннан кейін 1976 жылы Жезқазған педагогикалық училищесіне түседі. Оны бітірісімен, Гүлшат кентіндегі №27 орта  мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек жолын бастайды. 1982 жылы жұмысын тоқтатпай, ол С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) филология факультетінде оқи бастады, бірақ кейін отбасылық себептермен оқуын аяқтай алмады. Бірақ М.Бөлекова біраз уақыттан кейін Балқаш гуманитарлық-техникалық университетінде жоғары филологиялық білім алды. 2011 – 2017 жылдары АК-159/21 мекемесіндегі кешкі мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып қызымет етеді.   
      М.Бөлекова мұғалімдікпен қатар  творчествомен де айналысты, ол дарынды ақын және сазгер. 2003 жылы оның «Өлеңім менің – жан досым» атты алғашқы өлеңдер жинағы, содан кейін 2018 жылы «Өлең өзі өрледі кеудемде...», «Балқашым – бағым», «Махаббат – ол өр сезім», мемуары «Өмір соқпақтары»«Өлең өзі өрледі кеудемде...», «Балқашым – бағым», «Махаббат – ол өр сезім» атты поэтикалық жинақтары, «Өмір соқпақтары»  мемуары жарық көрді. М.Бөлекованың өлеңдері жеңіл оқылып, әр оқырманның көңілінен шығады.
  2017 жылы мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін М.Бөлекова Халықаралық Қазақстан Шығармашылық Ассоциациясының «Мәдениет Майталманы» медалімен марапатталды.       
Әдебиеттер тізімі
1. Бөлекова, М. Махаббат – ол өр сезім / М.Бөлекова. – Алматы: «www.gylm-bilim.kz»  баспасы, 2018. - 34 б.
2. Бөлекова, М. Өлең өзі өріледі кеудемде...  / М.Бөлекова. – Алматы: «www.gylm-bilim.kz»  баспасы, 2018. - 68 б.
3. Бөлекова, М. Балқашым – бағым  / М.Бөлекова. – Алматы: «www.gylm - bilim.kz» баспасы, 2018. - 57 б.
4. Бөлекова, М. Өмір соқпақтары  / М.Бөлекова. – Алматы:«www.gyim-bilim.kz» баспасы, 2018. - 108 б.
5. Бөлекова, М. Оқжетпес ақын / М.Бөлекова  // Балқаш өңірі. – 1994. – 30 шілде (№74). – 4 б.
6. Мөлдір Бөлекова // Балқаш өңірі. – 1994. – 30 шілде (№74). - 4 б.
7. Бөлекова, М. Шөлімді басар мөп-мөлдір кәусар бұлағым... / М.Бөлекова // Балқаш өңірі. – 2004. – 5 наурыз (№20-21). – 5 б.
8. Бөлекова Мөлдір: өлеңдері // Мысты өңір. – 2007. – 5 қазан. – 9 б.
9. Бөлекова,  М. Айтжан ағамен қоштасу / М.Бөлекова  // Айлапат . -  2014 . - №2 (5). - 70 б.
10. Бөлекова,  М. Жадымыздан өшпейтін жарқын бейне / М.Бөлекова  // Балқаш өңірі. – 2017. – 26 мамыр (№57-58). –  6 б.
11. Бөлекова, М. Заң өкілі кездесу өткізді / М.Бөлекова  // Балқаш өңірі. – 2017. – 21 маусым (№68). – 2 б.
12. Бөлекова, М. «ҚазТест» жүйесі-мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтаудың тиімді құралы / М.Бөлекова  // Балқаш өңірі. – 2017. – 21 маусым (№68). – 3б.
13. Бөлекова, М. Полиция күнімен құттықтады  / М.Бөлекова  // Балқаш өңірі. – 2017. – 28 маусым (№71). – 1;5 б.
14. Бөлекова,  М. Ауланың көркеюі - Отанымыздың көркеюі  /М.Бөлекова  // Балқаш өңірі. - 2017. - 2 тамыз (№85). - 3 б.
15. Бөлекова, М. Құтты болсын, Балқашым, 80 жасың! /  М.Бөлекова  //   Балқаш өңірі. – 2017. – 20 қыркүйек (№105). – 8 б.        

 


Дата редактирования: 05 Тамыз 2021

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика