Башар Жанболат 1949 жылы Ақтоғай ауданында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінде журналист мамандығына оқып, білім алған.
1980 жылдан бастап Балқаш телестудиясында, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі болып қызмет еткен.
2001 жылдан бастап 2016 жылға дейін, зейнеткерлікке шыққанша «Балқаш өңірі» газетінің редакторы болып істеді.
Башар Жанболат Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, Балқаш қалалық «Қаламгер» әдеби қоғамдық бірлестігінің төрағасы. «Үкілі үміт» бірінші жинағы (1999ж.), «Далам менің кием менің» атты әңгімелер мен очерктері (2001ж.), «Көкше көлдің самалы» мен «Самғау» деген лирикалық өлеңдер жинағы (2004ж.), «Үркер туғанда» мақалалар, портреттер мен әдеби көркем әңгімелері (2009ж.) жарық көрді. «Шандоз» эсселер жинағы (2011ж.), «Пешене» әңгімелер мен хикаялар жинағы (2012ж.), «Кепиет» әңгімелер (2014ж.) және «Қабір үстіндегі зұлмат» (2016ж.) повесть және әңгімелер жинақтарының авторы.Жанболат Башар 2022 жылы «Қазақстанның Құрметті журналисті» төсбелгісімен марапатталды.
Әдебиеттер тізімі:
1. Башар, Ж. Балқаш мысшыларына / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 1994. – 16 шілде(№52). – 4б.
2. Башар, Ж. Көпшілік қолдауын алды / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2003. – 23 мамыр(№39-40). – 3б.
3. Башар, Ж. Құлайын құшағыңа қалдыр енді / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2005. – 24 маусым(№45). – 6б.
4. Башар, Ж. Қандайсың сен қасиетті өңір? / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2006. – 21 сәуір(№32). – 4б.
6. Башар, Ж. Ел мен Елбасы / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2007. – 11 сәуір(№29). – 2б.
11. Башар, Ж. Алыста қалған жылдар / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2011. – 24 маусым(№48). – 3б.
12. Башар, Ж. Жоғалған ескерткіш / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2011. – 29 маусым(№52). – 5б.
13. Өндіріс журналистерді құттықтады // Балқаш өңірі. – 2011. – 3 тамыз(№62). – 2б.
14. Ақын азамат // Балқаш өңірі. – 2011. – 21 желтоқсан(№145). – 8б.
15. Қызылтас, Қ. Шандоз / Қ.Қызылтас // Пульс. – 2012. – 6 қаңтар(№1). – 20б.
16. Рүстем, Қ. Қорытынды бас қосу / Қ.Рүстем // Пульс. – 2012. – 6 қаңтар(№1). – 20б.
17. Қызылтас, Қ. «Қаламгер» - 10 жаста / Қ.Қызылтас // Пульс. – 2012. – 23 наурыз(№12). – 4б.
18. Сәденов, Қ. Қазыналы Балқашым / Қ.Сәденов // Пульс. – 2012. – 20 сәуір(№16). – 4б.
19. Сәденов, Қ. Рух пен тілдің ұстыны / Қ.Сәденов // Пульс. – 2012. – 27 сәуір(№17). – 4б.
20. Башар, Ж. Аймақ ақпаратының қарлығашы / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2012. – 27 сәуір(№17). – 3б.
23. Кәрім, Н. «Пешене» оқырманға олжа / Н.Кәрім // Балқаш өңірі. – 2013. – 13 наурыз(№21). – 8б.
24. Башар, Ж. Тағзым / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2013. – 2 тамыз(№61). – 5б.
26. Башар, Ж. Елдік пен ерліктің айнасы / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2016. – 6 қаңтар(№1-2). – 4,5 б.
27. Кәрім, Н. Басылымның бағдаршамы / Н.Кәрім // Балқаш өңірі. – 2016. – 13 қаңтар(№2). – 8б.
29. Ештанай,Қ. Жәкеңнің жарқын істері / Қ.Ештанай // Балқаш өңірі. - 2018 - 29 маусым (№61).- 1, 3 б.
30. Басқа бәле // Балқаш өңірі. - 2019. - 22 қараша (№89). - 4 б.
31. Ештанаев, Қ. Жұртына жаққан жазушы // Қ.Ештанаев / Балқаш өңірі. - 2019. - 22 қараша (№ 89). - 8 б.
32. Жалғанның жүзі // Балқаш өңірі. – 2019. – 15 қараша (№87). – 5 б.
35. Шайхин, А. Маңдайалды әңгіме / А.Шайхин // Балқаш өңірі. - 2019. - 22 қараша (№89). - 8 б.
36. Бабалар рухы үн қатты // Балқаш өңірі. – 2021. – 20 қазан (№80). – 4 б.
37. Башар, Ж. Абыз бен Аңыз / Ж.Башар. – Нұр-Сұлтан: «Профи Медиа» баспасы, 2021. – 272 б.
39. Қаламгер құрмет құшағында / Балқаш өңірі. – 2022. – 30 желтоқсан (№96). – 1 б.