"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Тамарина Руфь Мееровна

   Руфь Мееровна Тамарина (негізгі тегі Гиршберг) Украинаның Николаев қаласында дүниеге келген.  
      Руфь Тамарина 1939 жылы 10 сыныпты бітіргеннен кейін М.Горький атындағы Литературный институтқа оқуға түседі. Институттағы семинар оқуларында ол атақты ақындар Илья Сельвинский, Борис Слуцкий, Павел Коган және Сергей Наровчатовпен бірге оқыды. Соғыс басталған кезде,  Литературный  институтта оқитын ақындардың көпшілігі әскери комитеттің шақыртуын тоспай, соғысқа өз еріктерімен кетеді. 1941 жылы Руфь Тамарина да өз еркімен соғысқа аттанады.  Ол Батыс майданындағы 40-шы армияның 41-ші атқыштар дивизиясының 2-ші ротасында санитар-нұсқаушы болып,  1943 жылы  соғыстан қайтып келіп, институттағы оқуын жалғастырады.1945 жылы институтты бітірген соң, ол КСРО Кинематография Министрлігінің Сценарий студиясында, жазушылар Одағымен байланыс жасайтын аға редактор болып жұмыс істеген. 1948 жылы американдық журналист Роберт Магидовпен таныстығына байланысты, оны шпиондық әрекетке барды деп кінәлап, тұтқынға алады. Оған  25 жыл еңбекпен түзету лагерінде болуға жаза кесіліп, айдау бойынша Жезқазғанға «Степлагқа» (саяси тұтқындарға арналған ерекше лагерь) келіп түседі. Руфь Тамарина Жезқазған лагерінде болған атақты Кеңгір көтерілісіне қатысушылардың бірі. Кейіннен ол Балқашлагқа ауыстырылып, Сталин қайтыс болғаннан кейін тұтқындықтан босатылады. Ол Балқашлагта өмірінің  8,5 жылын өткізді.
      Балқашлагтан шыққан соң, «Балхашский рабочий» газетінің әдеби қызметкері болып жұмыс істейді. «Халық жауы» ретінде ұсталған жолдасына және өзіне Балқаштан шығу туралы рұқсат берілген соң, олар Алматыға барып, Руфь Тамарина «Қазақфильм» киностудиясында редактор болып істейді. Алматыда 1995 жылға дейін тұрып, Томск қаласына көшеді. Екі көзі бірдей көрмей қалып, төсекке таңылса да, ол өлең жазуды тоқтатқан жоқ. 1999 жылы «Водолей» баспасынан оның екі кітабы «Новогодняя ночь» (өлеңдер жинағы) және «Щепкой – в потоке» (лагерлық проза). Одан кейін «Такая планида, или Зарубки на «Щепке» (2002ж.), «Зеленая тетрадь» (2003ж.) атты кітаптары  жарық көрді. Таңдамалы өлеңдер жинағы Томскінің «Каменный мост» әдебиет альманағында (2004ж) шықты. 
 

Дата редактирования: 13 Шілде 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика