"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Байқуатов Дүйсенғали Ыбырайханұлы

Просмотров: 1290

     Байқуатов Дүйсенғали Ыбырайханұлы 1955 жылы 18 желтоқсанда қазіргі Шығыс Қазақстан облысының, Үржар ауданында дүниеге келді.

1972 жылы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепті бітіріп.

1972-74 жылдары комсомол-жастар бригадасында еңбек жолын бастады.

1974-76 жылдары Совет армиясы қатарында болып, Ленинград әскери округінің сержанттар мектебін бітіріп, старшина шенінде әскери міндетін өтеп кайтты.

1977 жылы Алматы қаласындағы Қазақ политехникалық институтының металлургия факультетіне түсіп.

1982 жылы осы аталған институтты инженер- металлург мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Институтты бітіргеннен кейінгі еңбек жолын 1982 жылдан 1997 жылға дейін Жезказғанда конвертордың жұмыскерлігінен басталып, мыс зауытының басқарушылығы аралығында өтті. Ол сол зауыттың цехтарында әр түрлі қызмет атқарды: мастер, тәлім, бөлімше бастығы, бас металлургте болды. Барлық қызметке үлкен жауапкершілікпен қарап, іскерлік көрсетті.

1997 жылы ол Балқаш кен-металлургия комбинаты мыс зауытының директоры болып тағайындалды. Онан кейін Балқаш кен-металлургия комбинаты директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

1999 жылы ол Балқаш қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.

2003 жылдың қыркүйек айынан бастап, Дүйсенғали Ыбырайханұлы “Балқаштүстіметалл” ӨБ Балқаш мыс зауытының директоры қызметінде істеді.

Ол БКМК-да директор болып тұрған кезде 2003 жылы бұрын салына бастаған мырыш зауыты іске қосылды. Сол сияқты эмаль сымдары, тас кесіп, өңдейтін цехтар іске қосылды. Мыс балқыту цехындағы электрофильтр бөлімшесі де жаңартылды. “Сарыарқа” демалыс орны тұрақты жұмыс істейтін болды. “Жас қанат” балаларды сауықтыру лагері қайта жабдықталды. Осы айтылғандар Дүйсенғали Ыбырайханұлынын үлкен өндіріс орнын басқара алатын маман, іскер басшы екендігінің айғағы.

2003-2004 жылдары Д.Байқуатов ПВ-2 пешінің жобалау-сметалық құжаттарын жасауға жетекші болды. “Сұйық ваннада мыс шикізаттарын борат рудасын пайдаланып балқыту технологиясын зерттеу және өндірістік игеру” тақырыбында ғылыми диссертация қорғады. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Жоғарғы аттестациялық комитетінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі шешімімен (№ 5 хаттама) Байқуатов Дүйсенғали Ыбырайханұлына техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

2001 жылы Балқаш өңіріндегі Тоқырауын елді мекенінде болған бомба жарылысының салдарын жоюға қатысқаны үшін, оған Қорғаныс министрінің жарлығымен кезексіз түрде полковник атағы берілді.

2001 жылы Д. Ы. Байқуатов “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінін 10 жылдығына арналған” медальмен марапатталды.

2001 жылы 13 желтоқсанда Д.Ы. Байқуатовқа Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен “Балқаш қаласынын Құрметті азаматы” деген атақ берілді.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Байқуатов, Д. Өндірісті өрге бастыру өмір талабы /Д.Байқуатов // Балқаш өңірі. – 2000. – 3 наурыз. - №18.

2. Байқуатов, Д. Құттықтау /Д.Байқуатов // Балқаш өңірі. – 2001. – 13 шілде. - №54.

3. Драчева, Е. Күнде естігенмен, бір көрген ләзім /Е.Драчева // Балқаш өңірі. – 2001. – 8 тамыз. - №62.

4. Байқуатов, Д. Жылдың басты оқиғасы /Д.Байқуатов // Балқаш өңірі. – 2002. – 24 шілде.

5. Жүнісұлы, О. Балқаш мысы: бүгін және ертең /О.Жүнісұлы // Орталық Қазақстан. – 2004. – 11 шілде.

6. Несіпбай, А. Балқаш жұлдызы жарқыраған /А.Несіпбай // Егеменді Қазақстан. – 2005. – 13 желтоқсан.

7. Жүнісұлы, О. Мені есіңе ала жүр / О. Жүнісұлы.-Қарағанды: Қарағанды Полиграфиясы,2005. – 8-10 б.

8. Балқаш. Тарих беттері (1936-2007 ж.ж.): Құжаттар мен материалдар жинағы / Құраст.: Жексенова Н., Исабекова А., Сәкенова Р.- Қарағанды, 2007.-199-203б.

9. Мұстафин, С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары: тарихи-өмірбаяндық очерк /С.Мұстафин.-Балқаш,2007. – 22-26 б.


Дата редактирования: 28 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика