"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Бадығұлова Тілеулес Муксинқызы

Просмотров: 661

 

Бадығұлова Тілеулес Муксинқызы 1952 жылы Балқаш қаласында қызметкер отбасында дүниеге келді. 1959 -1969 жыл аралығында №2 Абай атындағы мектеп-лицейін бітіріп, 1 жыл кітапханашы болып жұмыс істеді. 1970 жылы Балқаш педагогикалық училищесіне (қазіргі Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі) оқуға түсіп, 1973 жылы техник–бухгалтер мамандығын иеленді. 1973 жылы Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің сырттай бөлімшесін бітіріп кен-инженер экономисті квалификациясын алды. 1975 жылы №23 мектепте лаборант, 1978 жылы ұзартылған күн топтарына тәрбиеші болып ауысты. 1979 жылы сол мектепке  дене шынықтыру мұғалімі болып орналасады. 1985 жылы №23 он жылдық мектептің ашылуына байланысты мектеп басшыларының бұйрығымен  дене шынықтыру мұғаліміне ауыстырылды. 1985 жылы Тілеулес Муксинқызы қалалық спорт комитетінде спорт нұсқаушы қызметін атқарды. 1992 жылы қалалық әкімшілік аппаратының «Балқаш қаласының туризм, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы болып тағайындалды. 1999 жылы спорт комитетінің таралуына байланысты қалалық «Мәдениет туризм, спорт бөлімі» ММ бас маманы болды. 2009 жылы қалалық «Білім денешынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маман лауазымына ауыстырылды. 2010-2012 жыл аралығында «Балқаш түстімет» ӨБ «Металлург» СК БЖСК-ң оқу ісі бойынша директордың орынбасары қызметін атқарды. Тілеулес Муксинқызы Бадығұлова спорт ардагері, 2015 жылдан дойбыдан I–ші санаттағы спорт төрешісі болды. 2012-2016 жыл аралығында Тілеулес Муксинқызы «Жекпе – жек» КМҚК СК спорт әдіскері ретінде қызмет етті. 2016-2017жж. ДШСК, БЖСК әдіскері, 2017-2018 жылдары БЖСК ДЖСК-ң дойбыдан жаттықтырушысы болды. Бүгінгі таңда «Оқушылар сарайы» КМҚК «Логика» дойбы үйірмесінің жетекшісі қызметін атқарады. Осы еңбек жолында бірнеше рет әкімшіліктің алғыс хаттары, облыс әкімшілігінің грамоталарымен марапатталды. Қазіргі күнде қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар иегері. Спорт саласындағы және мұғалімдік өтілімі – 44 жыл. 2015 жыл дойбыдан Азия Чемпионатында 3-орын (3 түрінен: классика, блиц, рапид) үш қола медаль иегері (Өзбекстан, Ташкент), 2015 ж. ҚР Чемпионатында 1-орын (Семей қ.), 2016 жылы ҚР Чемпионатында 1-орын (классика), екі қола медаль (Семей қ.), 2017 жылы ҚР Чемпионаты 2-орын (2 түрінен: классика, рапид) екі қола медаль (Семей қ.), 2022 жылы Азия Чемпионаты «64» және «100» шаршы дойбыдан алты медаль «64» шаршыдан: үш 3-орын (3 түрінен: классика, блиц, рапид) үш қола медаль, «100» шаршыдан екі 2-орын (классика, рапид) екі күміс, бір 3-орын (блиц) қола медальдарын иеленді. Республикалық, облыстық түрлі спартакиядаларға үнемі қатысып, әрдайым жеңіс тұғырынан көрініп жүр. 


Дата редактирования: 16 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика