"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Апачинский Александр Иванович

     Апачинский Александр Иванович 1953 жылы қаңтар айында Латвия ССР-нің Моданский ауданы, Эргли кентінде дүниеге келген. Сол жылы А.Апачинскийдің отбасы Балқашқа көшіп келеді.

Александр № 9 мектепте оқып, 8-сыныптан кейін № 20 қалалық кәсіптік-техникалык училищеде электрик мамандығы бойынша оқуын жалғастырады. Осы кезден бастап А.Апачинский спортпен шұғылдана бастайды.

Александр Апачинский еңбек жолын нан зауытында электрик болып жұмыс істеуден бастады. 1971 -73 жылдар аралығында әскери борышын атқарып қайтқаннан кейін, 1980 жылға дейін “Балқаш” спорт клубында бокстан жаттықтырушы болып жұмыс істейді.

1981-1985 жылдар аралығында А.Апачинский Балқаш қалалық № 4 кәсіптік-техникалық училищесі базасында құрылған “Трудовые резервы” қоғамында қызмет жасады. Осы жылдары бокстан Қазақстан Республикасының құрама командасының аға жаттықтырушысы болып қосымша қызмет жасайды.

1992 жылы А.И.Апачинскийге бокспен шұғылданатын жастар арасында Европа чемпионы Василий Жировты дайындағаны үшін “Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы” және 1996 жылы Атланта қаласында өткен XXVI жазғы Олимпиада ойындарынан соң “Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері” деген атақтар берілді.Александр Апачинский Қазақстан боксшыларының құрама командасының аға жаттықтырушысы болып тұрған уақытта - 2000 жылғы XXVII Сидней Олимпиадасында Қазақстан боксшылары 2 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды. Осы Олимпиададан кейін де А. Апачинский “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды.

2000 жылы 7 қарашада А.И.Апачинскийге Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

А. И. Апачинский 2013 жылы 24 желтоқсанда қайтыс болды.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Мұстафин, С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары: тарихи-өмірбаяндық очерк /С.Мұстафин.-Балқаш,2000. – 61-62 б.

2. Балқаш. Тарих беттері (1936-2007 ж.ж.): Құжаттар мен материалдар жинағы / Құраст.: Жексенова Н., Исабекова А., Сәкенова Р.- Қарағанды, 2007.-199-200,207 б.

 


Дата редактирования: 21 Ақпан 2020