"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Александрова Валентина Михайловна

Просмотров: 1395

 

     Валентина Михайловна Александрова -дәрігер, акушер-гинеколог. Балқаш қаласында 1962 жылға дейін дәрігер-ординатор болып еңбек етті.Ол 16 жыл бойы ұстаз-дәрігер ретінде көзге түсті.
     1969 жылы В.Александроваға жоғары категориялы дәрігер атағы берілді.
     1976 жылдан бастап перзентхана үйінің бас дәрігері болып қызмет істей жүріп, әйелдерге кеңес беру бөлімін қоса алып жүрді. Осы жылдар ішінде В.Александрова қоғамдық бастама негізінде қалалық акушер-гинеколог болып, жұмыс істеді. В. Александрова қалалық перзентханада бас дәрігер болып 17 жылдан астам қызмет атқарды. Осы мерзімде акушерлік-гинекологиялық жұмыстың жүргізілуіне, қалыптасуына үлкен күш-жігер жұмсады.
     Сол үшін В.М.Александроваға “Денсаулық сақтау ісінің үздігі”, “Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген дәрігер” деген атақ берілді.
     «В. И. Лениннің туғанына 100 жыл» медалімен, сол сияқты қала, облыс көлемінде бірнеше мәрте Құрмет грамоталарымен марапатталды. 1964, 1969 және 1977 жылдары республикалық дәрігерлер съезіне, Қазақстан Компартиясының съездеріне делегат болып қатысты.В.Александрова 1980-1985 жылдары қалалық әйелдер кеңесін басқарды. Өмір бойы ғылыми жұмыстармен айналысып, «Денсаулық» журналына бірнеше мақалалар жазды
     2001 жылы 13 желтоқсанда Валентина Михайловна Александроваға Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Әдебиеттер тізімі:
1. Мұстафин, С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары: тарихи-өмірбаяндық очерк /С.Мұстафин.-Балқаш,2000. – 17-19 б.
2. Балқаш. Тарих беттері (1936-2007 ж.ж.): Құжаттар мен материалдар жинағы / Құраст.: Жексенова Н., Исабекова А., Сәкенова Р.- Қарағанды, 2007.-199-200,203 б.
3. Башарұлы, Ж. Қалам менің Балқашым – мыс шаһары /Ж.Башарұлы //Балқаш өңірі. – 2007. – 11 сәуір.
4. Ақпарат айдынында :мақалалар мен очерктер.-Қарағанды: «Арко», 2007. – 78-82,52-53 б.


Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика