Байыс Айдын 1994 жылы Қарағанды облысы Балқаш қаласында дүниеге келген. Балқаш қаласындағы №2 Абай атындағы мектеп-лицейдің түлегі. Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне түсіп «Көлік-Энергетика» мамандығын алып шықты.
Республикалық, облыстық, аймақтық жыр мүшәйраларының лауреаты. Айдынның шығармалары «Балқаш аймақтық ақындар антологиясы» өлеңдер жинағына, 100 томдық «Сарыарқа кітапханасы» жинағының «Арқадағы арда жыр» атты томына енген. 2021 жылы «Құланиек» атты өлеңдер жинағы жарыққа шықты. Аударма саласында да қалам тербеп, орыс, түрік, әзірбайжан, жапон ақындарының өлеңдерін ана тілімізге аударып жүр.
Айдын Байыстың поэзиясына А.Абзал, С.Ақсұңқарұлы, Ғ.Жайлыбай, Е.Раушанов, А.Әлімұлы, Ұ.Есдәулет сынды қазақтың қабырғалы ақындары жақсы пікір білдіріп, жоғары бағалады.
Қазіргі уақытта энергетика саласында қызмет атқарады.