"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Абылқанов Төлеукұл Абылқанұлы

Просмотров: 1643

     Абылқанов Төлеукұл Абылқанұлы 1937 жылы 17 қазанда шаруаның отбасында дүниеге келген. 1956 жылы Ақшатау ауылында С.М. Киров атындағы орта мектепті бітірген.
     Т. Абылқанов өзінің еңбек жолын 1956 жылы 4 желтоқсан Ақшатау вольфрам-молибден кен басқармасының №8 шахтасының ысырушысы болып бастады.
     Ол 1957 жылдың наурызында отбасы жағдайларына байланысты Қоңырат кентіне көшіп келіп, Қоңырат кен басқармасындағы Қазмысбасқармасына жарушының көмекшісі болып жұмыс істейді.
     1958 жылдың жазында Т. Абылқанов ҚазККР Кеңес Министрлігінің емтихандарын сәтті тапсырып, Саратов политехникалық институтына жолдамамен оқуға жіберіледі. Институтты 1963 жылы бітіріп өнеркәсіптік – азаматтық құрылыс инженері мамандығын алады.
     Т.Абылқанов өзінің еңбек жолын БКМК өнеркәсіптік кәсіпорындарының қатардағы инженерлігінен бастап, үлкен ірі құрылыс кәсіпорнының басшысына дейін көтерілді. КҚБ ӨТБ-нің аға инженері, тау кен кәсіпорындары бойынша КҚБ-ның бас инженерінің орынбасары, ҚМБ-ның бастығы, Саяқ кенішінде салынып жатқан ірі құрылыс Дирекциясының бас инженері және Саяқ кенішіндегі КҚБ-нің бастығы қызметтерін атқарды.
     1974 жылдан бастап БКМК КҚБ-де тау кен кәсіпорынында бастығының орынбасары болып жұмыс жасады.1978 жылдан 1994 жылдың сәуір айына дейін Т. Абылқанов «Балқашмыс» бірлестігінің күрделі құрылыс жөніндегі директордың орынбасары, өндірістік бірлестіктің директоры қызметтерін атқарды.
     Бірнеше рет Балқаш қалалық Кеңесі халық депутаттары атқарушы Комитетінің мүшесі және депутат болып сайланған.Т. Абылқанов 1994 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланып, онда өнеркәсіп, энергетика, көлік және байланыс, содан соң экология және табиғатты пайдалану комитеттерінде жұмыс жасады. Т. Абылқанов 1995 жылдың сәуір айынан бастап "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС жүйесінің вице-президенті, "Жезқазғантүстіметалл» АҚ-ның күрделі құрылыс жөніндегі директоры болып істеді.1996 жылы қыркүйек айында ол жүйелік талдау бойынша директор болып тағайындалып, содан кейін "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС Департаментінің экономикалық мониторинг, салық салу және экология директоры қызметтерін атқарды.
     1997-2003 жылдары "Қазақмыс" зейнетақы жинақтаушы қорының президент-төрағасы және Қазақмыс ЗЖҚ-ның Кеңесінің мүшесі болды.
     1999 жылғы шілде айында "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС жанындағы Жезқазған өкілдігінің "Нұр Отан" партиясының Саяси кеңесінің төрағасы болып сайланды.
     1999 жылдан 2003 жылға дейін Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты және бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болды.
     Т. Абылқанов жоғары білікті маман және шебер ұйымдастырушы бола білді. Оның тікелей қатысуымен және оның жетекшілігімен Балқаш кен-металлургия комбинатының тау-кен базасы дамыды, сонымен бірге ол "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС қатысты ең күрделі мәселелерді шешуге белсене қатысты.
     Т. Абылқанов еңбектегі және қоғамдық қызметтердегі жемісті еңбектері үшін келесі:
     1966 жылы – 9-шы бесжылдықтың екпіндісі белгісімен ;
     1970 жыл – В.Л. Лениннің 100 жылдық мерейтойына орай "Ерен еңбегі үшін" мерейтойлық медалімен;
     1984 жыл – "Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен;
     1986 жылы – "Халық достығы" орденімен;
     1988 жыл – «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген металлургі» атағы;
     2001 жылы – "Құрмет" орденімен;
     2001 жыл – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен;
     2006 жыл – ҚР Парламентінің 10-жылдығына орай мерейтойлық медалімен; 2006 жыл –"Нұр Отан" партиясының «Белсенді қызметі үшін» мерейтойлық белгілерімен марапатталды.
     2007 жылдың 4 сәуірінде Төлеукұл Абылқановқа Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен «Балқаш қалалсының Құремтті азаматы» атағы берілді.
     Абылқанов Төлеукұл Абылқанұлы 2011 жылы дүниеден өтті./
Әдебиеттер тізімі:
1. Үсентегі, А. Бәрінен қымбаты – ұрпақ бақыты /А.Үсентегі // Мысты өңір. – 2003. – 1 қаңтар.
2..«Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы // Балқаш өңірі. – 2007. – 11 сәуір.
3. Әбілқайырқызы, А. Мерейтойыңмен, Балқаш /А.Әбілқайырқызы // Мысты өңір. – 2007. – 13 сәуір(№15).
4. Еске алу // Балқаш өңірі. – 2011. – 10 тамыз. 
5. Балқаш қаласының мемлекеттік мұрағатының Ф.262. Оп.1.Д. 200.Л.70.71 құжаттары.
6. Деректі  фильм Умаров Қ. "Әкеге Тағзым" - Төлеуқұл Абылқанов 


Дата редактирования: 28 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика