"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Үйде жалғыз қалғанда, Сіз ...?

Тынышбаев Камза Серикбаевич

Просмотров: 4

 

    Тынышбаев Қамза Серікбайұлы  Қызылорда облысы,  Арал ауданы, Сазды ауылдық кеңесінде 1936 жылы 23-ші маусымда дүниеге келді. Балалық және жастық шағы  Арал теңізіндегі Барсакелмес аралында өтті. 1955  жылы  Аралдағы  Н.К.Крупская атындағы  №1 орта мектебін тәмамдап, аталған жылы  Қазақ тау-кен металлургия инситутына түсті.
    1960 жылы «түсті металл бойынша инженер-металлург»  мамандығын алып,  жолдама арқылы  Балқаштағы тау-кен металлургия комбинатына келді (БТМК).  Алғашқы  еңбек жолын шағылысу пешінің балқытушысы болып  бастап,  Балқаш металлургтерінен практикалық тәжірибе алды. Мыс балқыту цехында он жылдан аса ауысым басшысы, шебері ретінде жұмыс жасаған. 1971 жылдан 1977 жылға дейін Орталық зертхана комбинатындағы (ОЗК)  металлурия бөлімін басқарып  және техникалық-өндіру бөлім комбинатында (ТӨБК) жаңа техника бойынша орынбасары қызметін атқарды.
    1977 жылы комбинаттың  партия  комитетінің хатшысы  болып  тағайындалды. 1981 жылға дейін саны  2500-ден  асатын коммунистердің партия  ұйымын  басқарған. Осы аралықта Балқаш  қалалық комитінің бюро мүшесі, Жезқазған  облыстық  комитетінің партия мүшесі болды.   
    1981 жылдан  бастап, ондаған жылдар бойында өндірістік техника (ӨТ) және комбинаттың өндірістік бөлімдерін басқарды. 
    Жастық шағында комсомол шебінде жүріп, мыс балқыту цехының комсомол ұйымының  хатшысы,  комбинаттың  комсомол  комитетінің мүшесі болып тағайындалды. 1962 жылы  Қазақстанның ЛКЖО ОК мүшесі болып сайланып, Қазақстанның  ЛКЖО  Х-съезіне делегат ретінде қатысты.  Коммунист ретінде  Қазақстан  компартиясының ХV съезінің делегаты  болған.   
   Инженер - металлург бірнеше өнертапқыш ретінде  авторлық  құқық  иегері, «КСРО өнертапқышы», «КСРО Құрметті металлургі»  марапаттары бар.  Комсомол қызметіндегі белсенділігі үшін ВЛКЖО ОК Құрмет грамотасымен, еңбек  белсендісі  ретінде Қазақ ССР Жоғарғы Советінің  Құрмет грамотасымен  марапатталған.
    1997 жылдан  бастап  Балқаштың Октябрь ревалюциясының 50 жылдығы атындағы тау-кен металлургия  комбинатының ардагері ретінде лайықты зейнеткерлік демалысында.
    2016 жылы өзінің 80 жылдығына арнап  «Остров которого нет» атты кітабын шығарды. Балқаш мысының алғашқы шыққанына 80 жыл толуы қарсаңында  мыс балқыту өндірісінің даму тарихы  және  Балқаш  металлургтері жайлы «Судьбы балхашская орбита» кітабы жарық көрді.
    2019 жылы «Есімде қалған аралым», «Остров моей памяти» кітаптарын шығарды.
    Балқаш қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №35/280 шешімімен Қамзе Серікбайұлы Тынышбаевқа «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.       

Әдебиеттер тізімі:
1.Сырланова, А.  Дәстүрге адалдық / А.Сырланова // Мысты өңір. – 2015. - 31 шілде(№30). – 4 б.
2. Бақторазқызы, Е. Ардагерді ардақтады / Е.Бақторазқызы  // Балқаш өңірі. – 2016. - 29 маусым(№71). - 1 б
3. Жұматова, З. Автор жанының көрінісі / З. Жұматова // Балқаш өңірі. – 2018. - 30 қараша(№104). – 4 б.
4. Базылхан, А. Тәуелсіздік – тәу етер киеміз / А.Базылхан  // Балқаш өңірі.- 2019. - 20 желтоқсан (№ 96). – 1- 2 б.
5.Тынышбаев, Қ. «Есімде қалған аралым» / Қ.Тынышбаев. - Қарағанды: «Типография Арко» ЖШС,  2019. - 102 с.


 


Дата редактирования: 29 Қараша 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика