"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Шлыгин Алексей Иванович

Просмотров: 1469

      Алексей Иванович Шлыгин 1940 жылы 3 қаңтарда Рязань облысының Рыбнов ауданы, Кузьминский селосында дүниеге келді. Ол жас кезінде қатты ауырып, мүгедектің арбасына таңылады. Тағдырдың бұл қатал сынына мойымай, ол орта мектепке сынақ тапсырып, Н.К.Крупская атындағы халықтық өнер университетінің сурет және живопись факультетін сырттай оқып бітіреді.   

      А.Шлыгин 1966 жылы Ростов на Дону қаласынан Балқаш қаласына отбасымен бірге көшіп келеді. Бұл қала оған әдебиет мектебіндей болып, ол өзінің шығармашылығын осы қалада бастап, өзіне деген сенім пайда болады. Қазақстанда «Жазушы» баспасынан оның «Контрольная полоса» атты бірінші өлеңдер жинағы шығып, осыдан бастап оның шығармашылық жолы басталады. Бірақ,  1973 жылы ол денсаулығына байланысты Ресейдің Владимир қаласына қоныс аударады.  
Алексей Шлыгин – жиырмадан аса кітаптың авторы, оның шығармалары көптеген жинақтар мен альманахтарда, баспасөзде жарық көрді. Өлеңдері чех, неміс, моңғол, қазақ және басқа да тілдерге аударылды. 1979 жылы ол «Пою моё Отечество» атты Бүкілодақтық сайысының, үш жылдан соң балаларға арналған ең үздік  шығармалардың Бүкілодақтық сайысының лауреаты атанды. 1997 жылы А.Шлыгиннің шығармашылығы  Владимир облысының мәдениет, өнер және көркем әдебиет  саласындағы ең үздік шығармашылық болып табылды.   
     Алексей Иванович Шлыгин 2006 жылы 2 қыркүйекте қайтыс болды.  
 

Дата редактирования: 19 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика