"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Махмұт Нұртазаұлы

     Тарбағатай тауының Сауыры Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысының Ақсуат ауданында Махмұт Нұртазаұлы 1939 жылы дүниеге келген. Аудан орталығындағы 10 жылдық орта мектепте оқып, орта білім алады. Жауқазын жырлары мектеп қабырғасында жоғары сыныптарда оқыған кезеңнен бастап аудандық газет беттерінде жарық көрген.

   Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының тарих-филология факультетін 1968 жылы бітірген. Жұмысты комсомол, партия, совет орындарында бастаған. Ауылдық және аудандық советтерде депутат, аудандық газеттің ауыл шаруашылық және әдеби бөлімінің бастығы, аудандық комсомол комитетінде іс жүргізуші, ауылдық советте хатшы, көп жылдар кешкі мектептің директоры болып жемісті қызметтер атқарған. Қазақстан оқу ағарту ісінің үздігі. Ақын – табиғат перзенті. Ол табиғаттан сыр тартып, лүп еткен самалынан жыр түйеді. Сезіміңді баурап, санаңа ой салады. Махмет Нұртазаұлы жылдың төрт мезгіліне де өлең шығарған тамаша суретші. Ақын шығармашылығының бір тармағы – махаббат тақырыбы. Өмір қуаныш-қайғысымен, бейнет-зейнетімен қымбат. Ал махаббат мұңымен қымбат, тойымен емес ойымен қадірлі. Махаббат мәңгілік тақырып. Бұл тақырыпқа соқпай өткен ақын тарихта болған жоқ, болмайды да. Ағай мен апай 3 ұл, 1 қыз өсіріп, балаларынан 9 немере  сүйген бақытты ата мен әже. Атасының жазған өлеңдерін жатқа айтамыз деп, немерелері келіп отыр. Енді кезекті немерелерге берейік. Ақынның сан алуан тақырыптағы өлеңдеріне тоқтала берсек әр өлеңдерінде жылылық лебі, адамгершілік туы желбіреп, оқырман қауымға байсалды пікір, тұжырымды ой салады. Адам іштен бәрін біліп тумайды, оқып жетіледі.

    Әдебиеттер тізімі.

1. Сәденов Қ. Кітап тұсауы кесілді: Махмет Нұртазаның «Атажұрттан айналдым» атты жаңа кітабы туралы / Сәденов Қ. // Пульс.- 2009.- 9 қазан(№42).- 2 б.

2. Нұртазаұлы М. Күз көріністері; Қос құлыным; Ақындарға: өлеңдер / Нұртазаұлы М // Балқаш өңірі.- 2008.- 7 қараша(№116-117).- 3 б.

3. Сәденов Қ. Тарбағатайдың текті ақыны: / Сәденов Қ. // Пульс.- 2009.- 2 қазан(№42).- 4 б.

4. Нұртазаұлы М. Саналы ғұмыр: Махмет Нұртазаұлы – 75 жаста / Нұртазаұлы М // Балқаш өңірі.- 2014.- 10 қазан(№111-112).- 4 б.

5.  Нұртазаұлы М. Қазыналы ақын: С. Сейфуллин атындағы кітапханада ақын Махмет Нұртазамен  кездесу өтті  / Кәрім Н// Балқаш өңірі.- 2014.- 15 қазан(№113).- 4 б.

6. Махмет Нұртазаұлы: қазанама // Балқаш өңірі. – 2018. – 1 маусым (№53) - 7 б.

7. Жүнісұлы,О. Барқытбелдің перзенті / О Жүнісұлы // Балқаш өңірі. - 2018.- 25 шілде (№68) - 6 б.

8. Башар,Ж. Жыр еліне / Ж Башар // Балқаш өңірі. - 2018. - 25 шілде (№68) - 6 б.

9. Бекмағанбетов, К. Жанға жайлы жырларың / К Бекмағанбетов // Балқаш өңірі. - 2018. - 25 шілде (№68) - 6 б.

10. Сәденов,Қ. Махмет Нұртазаұлына  / Қ Сәденов // Балқаш өңірі. - 2018. - 25 шілде (№68) - 6 б.

11. Кәріпбайтегі , Ә. Сапар / Ә.Кәріпбайтегі  // Пульс. - 2019. - 11 октябрь (№ 41). - 5 б.

12. Оқу ағарту ісінің үздігі // Пульс. - 2019. -11 октября (№41). - С. 5

13. Мақсұтұлы, Қ. Тарбағатай тауының мұзбалағы /  Қ.Мақсұтұлы // Пульс. - 2019. -11 октябрь ( № 41). - 5 б.

14. Мақсұтұлы,Қ. Тарбағатай тауының мұзбалағы /  Қ.Мақсұтұлы // Пульс. - 2019. - 11 октябрь ( № 41). - 5 б.

15Майқыбайұлы, Х. Туысым / Х.Майқыбайұлы  // Пульс. - 2019. - 11 октябрь (№41). - 5 б.

16. Бақтраз,Е. Жаңа жыр жинақтың тұсауы кесілді / Е Бақтораз // Балқаш өңірі. - 2019. - 16 қазан (№78) - 8 б.

17. Мақсұтұлы,Қ. «Аманат» кітабының тұсауы ақынның еске алу кешінде кесілді /  Қ Мақсұтұлы // Пульс. - 2019. - 18 октября (№ 42) - С.15


 

 

 

Дата редактирования: 04 Маусым 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика