"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Нұрмұхамбетов Нұрғазы Нұрмұхамбетұлы

Просмотров: 184

      Нұрмұхамбетов Нұрғазы Нұрмұхамбетұлы 1942 жылы 15 мамырда Алматы облысы Кеген (қазіргі Райымбек) ауданында дүниеге келген. 1959 жылы орта мектепті Шелек кентінде бітіріп, Алматы зоотехникалық - малдәрігерлік институтына түседі. Оқуды аяқтағаннан кейін 1964 жылы жолдамамен Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы «Жеңіс» совхозына жіберіледі. Нұрғазы Нұрмұхамбетұлы 1973 жылы аудандық партия комитетінде нұсқаушы,  1977 жылы Жезқазған облысында  Приозерный ауданы құрылып, аудандық партия комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарды. 1987 жылы Балқаш кен-металлургия комбинаты, агрокомплексінің директоры және сонымен қатар «Балқаш-Балық» АҚ-да кәсіподақ комитетінің төрағасы болды. Нұрғазы Нұрмұхамбетұлы өзінің белсенді жұмысының арқасында ауылшаруашылығының дамуына үлкен үлес қосты және халық арасында бедел мен құрметке ие болды.
       Нұрғазы Нұрмұхамбетов қызметінен бөлек, әдеби шығармашылықпен де айналысты. 2001 жылы «Өлеңмен өмір көңілді», ал 2017 жылы «Ақселеу дала самалы» атты туындылары жарыққа шықты. Өзінің өлеңдері мен прозасында ауыл тұрғындарының еңбегі жайында сипаттайды. Өзі тұрған және қызмет жасаған аудан тұрғындары туралы әңгімелейді, жалпы адами құндылықтар туралы айтады.
      Нұрмұхамбетов Нұрғазы Нұрмұхамбетұлы 2019 жылы дүниеден өтті.   
 Мақалалар тізімі:
1.Нұрмұхамбетов, Н. Өлеңмен өмір көңілді... / Н.Нұрмұхамбетов. - Алматы:  «Жолдас және компания» баспасы, 2001. – 93 б.
2.Нұрмұхамбетұлы, Н. Ақселеу дала самалы / Н. Нұрмұхамбетұлы. - Алматы: «Исламнұр», 2017. – 206 б.
3. Әбілқайырқызы, А. «Ақселеу дала самалы» / А.Әбілқайырқызы // Балқаш өңірі. – 2017. – 31 мамыр (№59). - 6 б.
4. Жүнісұлы, О. «Ақселеу дала самалы» / О.Жүнісұлы // Балқаш өңірі. – 2019. -  5 сәуір (№26). – 6 б.

 

 

 

 

 

 

 

 


Дата редактирования: 05 Тамыз 2021

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика