"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Мұқаев Ілияс Дүнгенбайұлы

Просмотров: 1594

 

        Мұқаев Ілияс Дүнгенбайұлы 1982 жылы 6 ақпанда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Айыртас ауылында дүниеге келген, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің филология факультетінің 2003 жылғы түлегі.
       І.Мұқаев еңбек жолын 2003 жылы қалалық «Балқаш өңірі»  газетінің тілшісі болып бастады,  кейін Қарағанды қаласындағы «Bolashaq» колледжінде оқытушы, «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының тележүргізушісі болып жұмыс істеді.   Қазіргі таңда облыстық «Орталық Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқарады.
       І.Мұқаев - 2011 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша «Жалын»  баспасынан жарық көрген «Ғұмырымның көктемі» атты жыр жинағының авторы. Өлеңдері «Қалам құдіреті», «Сарыарқа», «Арқа ақындары антологиясы» кітаптарына енген.  Ілияс Дүнгенбайұлының  өлеңдері, сондай-ақ  республикалық және облыстық мерзімді басылымдар беттерінде жарияланады.
       2005 жылы І.Мұқаев шығармашылық саласындағы қажырлы еңбегі үшін Т.Айбергенов атындағы алтын төсбелгімен марапатталды және жылына 16-35 жас аралығындағы бір ғана ақынға берілетін Н.Мәукенұлы атындағы әдеби сыйлыққа ие болды. 2007 жылы Баянауылдағы жас жазушылардың І республикалық форумына қатысып, Қазақстан Жазушылар одағы бекіткен Бұқар жырау атындағы сыйлықтың иегері атанды. І.Мұқаев – 2012 жылғы «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты, 2014 жылы Астана күніне орайластырылған «Мәңгілік ел - ұлт мұраты» республикалық мүшайрасында ІІ жүлделі орынға, 2017 жылы Т.Молдағалиев атындағы әдеби сыйлыққа ие болды. 

     Мұқаев Ілияс 2022 жылы Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке қабылданды.
         Сонымен қатар, ол облыс, қала, аудан әкімдерінің, сондай-ақ түрлі мемлекеттік органдардың Құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталған.

Мақалалар тізімі:
1. Мұқаев, І. Ғұмырымның көктемі / І.Мұқаев. – Алматы: «Жалын баспасы» ЖШС, 2011. – 112 б.
2. Балқаш аймақтық ақындар антологиясы / Құраст.: Ж.Башар. – Алматы: «Исламнұр» баспасы, 2013. – 344 б. 
3. Мұқаев, І. «Менің балғын ғұмырымның көктемі» / І.Мұқаев // Балқаш өңірі. – 2006. – 13 қаңтар (№9). – 5 б.
4. Саяжанқызы, М. Ілияс тағы да лауреат / М.Саяжанқызы // Балқаш өңірі. – 2007. – 28 қыркүйек (№79). – 8 б.
5. Кәрім, Н. Ғұмырымның көктемі / Н.Кәрім // Балқаш өңірі. – 2009. – 5 маусым (№66-67). – 4 б.
6. Мұқаев, І. Бір кездері сүттен аппақ, Болдым десем кім сенер?! / І.Мұқаев // Балқаш өңірі. – 2010. – 26 қараша (№141-142). – 5 б.
7. Нұрмұханұлы, Н. Өрелі өлең иесі – Ілияс / Н.Нұрмұханұлы // Балқаш өңірі. – 2011. – 1 маусым (№61). – 3 б.
8. Қанафин, Н. Ақындық арманның бесігі – Айыртас / Н.Қанафин // Балқаш өңірі. – 2011. – 22 маусым (№70). – 5 б.
9. Нұрмұханұлы, Н Жауһар жырдың зергері / Н.Нұрмұханұлы // Балқаш өңірі. – 2012. – 27 қаңтар (№10-11). – 8 б.
10. Қажытай, А. Ілияс ақын Астана әкімінің сыйлығын алды / А.Қажытай // Балқаш өңірі. – 2012. – 21 қараша (№127). – 8 б.
11. Мұқаев, І. «Көрікті менің көктемім, Құстарын ертіп келіп тұр...» / І.Мұқаев // Балқаш өңірі. – 2013. – 1 наурыз (№25-25). - 5 б.
12. Мұқаев, І. Сыныптасы жоқ бала / І.Мұқаев // Балқаш өңірі. – 2017. – 1 наурыз (№24). - 8 б.
1
3
Мұқаев,І. Шақтар – ай, шалқып ұшқан шағалаңдай... / І.Мұқаев // Қазақ әдебиеті. – 2022. – 28 қаңтар (№4). – 19 б.
1
4. Сәрсенбайұлы, Ж. Жусан иісін аңқытқан арайлы кеш / Ж.Сәрсенбайұлы // Балқаш өңірі. – 2022. – 18 сәуір (№35). – 8 б.


 

 

 

 

 

 

 


Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика