"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Қасымбеков Серік Төлегенұлы

Просмотров: 684

 

Қасымбеков Серік Төлегенұлы 1966 жылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы Қызыларай ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Қызыларайда қазақ орта мектебін тәмамдап, Жезқазған педагогикалық институтына түскен. Білім ордасында графика факультеті бойынша мамандық алған түлек жолдамамен Ақтоғай ауданының Шашубай қонысындағы мектепке ұстаз болып орналасты. Екі жыл абыройлы еңбек етіп және Отан алдындағы борышын өтеп, әскери өмірдің мектебінен өтті.
Серік Төлегенұлы заман талабына сай, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Өміркелді Әбеуовпен шаһарды безендіретін жеке шаруашылықты іске қосты. Осылайша 1995 жылы кәсіпкерлікке ден қойып, бизнес саласындағы бағын сынап, Балқаш қаласында жол бойында орналасқан «Жібек жолы» кешенін және «Ақжарық» сауда үйін ашып, ел игілігіне жаратты. 2005 жылы «Балқаш Жібек жолы» ЖШС ірі құрылыс фирмасын құрды. Сонымен қатар, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде оқып, құрылысшы мамандығын және заңгерлікті қосымша оқып білімін жетілдірді. Көп ұзамай өңірдегі құрылыс ісін алға шығарды.
Серік Төлегенұлы басқарып отырған «Балқаш Жібек жолы» ЖШС облыс көлемінде құрылыс салуды кеңінен өрістетіп, тұрғындарға заманауи, сәулетті ғимараттар салып беруде жұмыс сапасымен дараланды. «Жол картасы» бағдарламасы аясында Балқаш қаласындағы 6 қабатты аурухананы күрделі жөндеуден өткізді. Сондай-ақ, Сарышаған, Ақжал кентінде, Қарқаралының Бүркітті, Шет ауданының Өспен ауылдарында шағын аурухана салды. Мемлекеттік бағдарлама арқылы коммерциялық бағыт бойынша жиырмаға жуық көпқабатты тұрғын үй салып, қаншама отбасы баспаналы болды. 2017 жылы «Ақерке» тойханасын салып, 2018 жылы Балқаш қаласының 80 жылдық мерейтойына орай ірі бассейн ғимаратын қайыра күрделі жөндеуден өткізді. Бассейнді заман талабына сай ғимарат жасап, спортпен шұғылданушылар үшін «Ақтеңіз» спорткешенін іске қосты. 2019 жылы «Ақсораң» ғимаратын тұрғызды. Сонымен қатар бұрынғы «Құрылысшылар» сарайын Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 270 орындық «Ақнұр» жекеменшік балабақшасына айналдырды. Құрылыстың құрал-жабдықтарын басқа жақтан тасымалдамау үшін ірі блок, әр көлемдегі кірпіштерді және плита шығаратын зауыт салды.
Бүгінгі таңда 300 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер, әлеуметтік пакетпен жұмысшыларды қамтамасыз ету үшін «Қасымбеков» қоғамдық қорын ашқан.
Қашанда өз ісінің жоғары нәтижесін көрсеткен Серік Төлегенұлының тынымсыз еңбек пен ел дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Ақтоғай ауданы әкімдерінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Құрмет грамотасы, Балқаш қаласының қоғамдық-саяси өміріне қосқан зор үлесі үшін қала әкімінің «Үздік Меценат» номинациясы берілген және «Қазақстанның Құрметті құрылысшысы» марапатын алды.
Балқаш қалалық мәслихатының 2022 жылғы 31 тамыз №15/121 шешімімен Қасымбеков Серік Төлегенұлына «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.     
Әдебиеттер тізімі:
1. Маратұлы, Н. Құрметті құрылысшы, жомарт кәсіпкер / Н.Маратұлы // Балқаш өңірі. – 2022. – 12 тамыз (№59). – 2 б.
2. Муслымов, А. «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы / А.Муслымов // Балқаш өңірі. – 2022. – 2 қыркүйек (№64). – 2 б.


                               

 


Дата редактирования: 28 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика