"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Қамбарова Бақыт Ариновна

Просмотров: 817

 

Қамбарова Бақыт Ариновна 1948 жылы 9 ақпанда Қарағанды облысы Балқаш қаласында дүниеге келген. Абай атындағы №2 қазақ мектебінде оқып, 1966 жылы тәмамдады.
Осы жылдың 29 маусымында Бақыт Ариновна Балқаш телевизиясы студиясына дикторлық лауазымына байқаусыз қабылданды. Ұжымдағы жемісті адал еңбегі мен қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін бірнеше рет алғыс білдіріліп, ҚазКСР Мемлекеттік Телерадиохабарының және мәдениет қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамоталарымен және «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. 1986 жылғы Жезқазған теледидар және радио хабарларын тарату комитетінің №207-к бұйрығы негізінде 1987 жылдан бастап бірінші дәрежелі диктор санаты берілді. Қазақстан Республикасының 33-бабы 1-тармағына сәйкес 1997 жылғы 7 наурыздағы №6 бұйрығымен кәсіпорынның таралуына байланысты жұмыстан қысқартылды.
1998 жылдың 31 наурызынан бастап Гайдар атындағы қалалық балалар кітапханасына 8-дәрежелі кітапханашы лауазымымен жұмысқа қабылданды.
2001 жылдың қыркүйек айынан бастап ОКЖ-ның №2 кітапхана-филиалына 10-дәрежелі кітапханашы болып ауыстырылды. 2007 жылы 2-дәрежелі біліктілік  санаты берілді.
Қамбарова Бақыт Ариновна 2010 жылдың 1 маусымынан бастап құрметті еңбек демалысына шықты. 

 

 


Дата редактирования: 14 Шілде 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика