"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Қойшыманова (Айнекова) Тұрымтай Өмірсерікқызы

Просмотров: 815


     Қойшыманова (Айнекова)  Тұрымтай Өмірсерікқызы 1951 жылы 15 наурыз күні Балқаш қаласында дүниеге келген. Т.Қойшыманова 1968 жылы М.Горький атындағы №1 орта мектебін бітіргеннен  кейін еңбек жолын Ф.Дзержинский атындағы №47 орта мектебінде аға пионер жетекшісі болып бастады. Содан кейін №3 балалар кітапханасының меңгерушісі қызметін атқарды. Сол кездері жұмыс істей жүріп,  Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын «библиография және кітапханатану» мамандығы бойынша бітірді.
     ҚазКСР Мәдениет министрлігі алқасының қаулысы мен Облыстық мәдениет басқармасының 1976 жылғы 22 қыркүйектегі бұйрығы, «Балқаш қаласының көпшілік қалалық кітапханаларының желісін орталықтандыру туралы» Балқаш қалалық Еңбекші депутаттар кеңесі атқару комитетінің 1976 жылғы 21 қазандағы шешімі негізінде қаланың жекелеген бұқаралық кітапханаларын бірыңғай желіге біріктіруді жүзеге асыру қажет болды. Нәтижесінде 1977 жылдың ақпан айында Балқаш қаласының мемлекеттік кітапханаларын орталықтандыру жұмыстары аяқталды. Балқаш қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің бірінші директоры болып Т.Қойшыманова тағайындалды. Жаңадан құрылған ұйымның жүйелі жұмысын жолға қою, кітапханаларды кадрлармен, үй-жайлармен, материалдық-техникалық базамен және басқа да ресурстармен қамтамасыз ету Т.Қойшымановадан зор күш-жігер, жауапкершілік, стратегиялық ойлауды қажет етті.
     Ол кезде ОКЖ қаланың және оған іргелес кенттердің 30-ға жуық кітапханасын қамтыған, қызметкерлердің штаттық саны 100-ге жуық адамды құраған ұйым болды. Бұрын Н.Островский атындағы Орталық қалалық кітапхана (қазіргі С.Сейфуллин атындағы) Фрунзе атындағы (қазіргі М. Қазбекова ат.) және Мир (қазіргі Ж.Әбуғалиев ат.) көшелерінің бұрышындағы шағын бөлмеде орналасқан болатын. Т.Қойшыманова жаңадан салынған бес қабатты тұрғын үйден көлемі 2000 шаршы метрге жуық толығымен  жертөлесі мен бірінші қабатын алатын жаңа үй-жай бөлінуіне қол жеткізді, ол кітапхана бүгінгі күнге дейін жұмысын тоқтатқан жоқ. Жаңа  кітапхананы жиһазбен жабдықтау қажеті туындады, ал ол кездері тіпті қаржы бар болса да жиһаз табу оңай емес болатын. Кеңестік кезеңде бүкіл елге кітапхана жабдықтарын шығаратын тек Кострома қаласындағы мамандандырылған  жалғыз зауыт  қана жұмыс істеуші еді. Соған қарамастан Т.Қойшыманова ҚазКСР Мәдениет министрлігіне барып, қажетті стеллаждарды талап ете алды. Сонымен, 1979 жылғы тапсырыс бойынша  бүкіл Қазақстан аумағына таратылатын стеллаждардың саны тек 200 дана еді.  Т.Қойшыманова сол жылдық тапсырыстың барлығын Балқаш қаласына бағытталуына қол жеткізді. Қалған арнайы жабдықтарды (көрме стендтері, үстелдер және т.б.) БГМК-ның күрделі құрылыс басқармасы жасап беруге көмектесті.
     Т.Қойшыманованың басшылығы кезінде 1982 жылы Балқаш қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі базасында  «КОКП XXVІ съезі мен Қазақстан Компартиясының XV съезі шешімдері аясында Республиканың бұқаралық кітапханалары орталықтандырылған жүйелерінің жұмысын жетілдіру» атты кітапхана қызметкерлерінің республикалық ғылыми - практикалық конференциясы өтті. Конференцияға В.Ленин атындағы КСРО Мемлекеттік кітапханасының бас маманы, ҚазССР Республикалық кітапханасының директоры Н.Қожахметова және Қазақстанның 7 облысының мамандары қатысты.
     Жаңа оқырмандарды тарту мен жаңа әдебиеттерді көпшілікке тарату мақсатында жыл сайын көктем және күз мезгілдерінде кітапханаларда саяси, балалар және жастар кітаптары апталықтары өткізілді, дәрісханалар мен үйірмелер жұмыс істеді, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
     Т.Қойшыманова  өзінің жеке жағдайларына байланысты 80-жылдардың ортасында М.П.Русаков атындағы №2 мектеп-интернатында мектеп кітапханасының меңгерушісі және қазақ тілінде оқытатын бастауыш сыныптарында орыс тілінің оқытушысы болып жұмыс орнын ауыстырды.
     Тоқсаныншы жылдары Т.Қойшыманова Алматы қаласына көшіп,  зейнет демалысына шыққанға дейін Республикалық ғылыми ауылшаруашылық кітапханасын басқарды.

 

 


Дата редактирования: 20 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика