"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Аманжолов Сағыжан Аманжолұлы

Просмотров: 171

        Аманжолов Сағыжан Аманжолұлы 1937 жылы 18 ақпанда Қарағанды облысы, Тасарал ауылында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік педагогикалық училищесінің және Алматы жоғары партия мектебін бітірген.

     Сағыжан Аманжолұлы студенттік шағында спортпен шұғылдана бастады. 1957 жылы Мәскеуде өткен Бүкіләлемдік жастар мен студенттердің VI фестивалі қарсаңында қазақ күресінен Қарағанды облысының чемпионы атанды. Сол жылы күзде Алматыда қазақ күресінен республикалық жарыстарға қатысып, Қазақ КСР-нің чемпионы болып, бұл атаққа тағы екі рет – 1957 және 1958 жылдары ие болды. С.Аманжолов 1959 жылы Мәскеуде өткен КСРО халықтарының II Спартакиадасына қатысып, көптеген күрес әдістерін меңгерген, өте дарынды және белсенді балуан ретінде бағаланады. С.Аманжолов еркін күреспен де айналысқан, Қарағанды облысының және Республикалық «Буревестник» спорт қоғамының бірнеше дүркін чемпионы, осы спорт түрінен Орталық Азия Бүкілодақтық Жастар ойындарының жеңімпазы. 1961 жылы «Буревестник» ерікті спорт қоғамының республикалық жарыстарының финалдық кездесуінде спорттық шеберліктің нағыз толқысып тұрған шағында жарақат алып, 24 жасында мәңгіге спортпен қоштасады.
     С.Аманжолов 1961-1971 жылдары Балқаш қаласындағы орта мектептерде және Қарағанды политехникалық институтының Балқаш филиалында физикадан сабақ береді. 1971-1991 жылдары Балқаш қалалық атқару комитетінде, Балқаш тау-кен металлургия комбинатының партия комитетінде және Жезқазған аудандық партия комитетінде жауапты қызметтер атқарды. Сағыжан Аманжолұлы осы жылдары 5 мәрте Балқаш қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланады. 1991 жылдан 2001 жылға дейін Жезқазған және Қарағанды облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеттерінің өкілі болды.
     С.Аманжолов көп жылғы адал еңбегі үшін «Еңбек ардагері», «Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай ерен еңбегі үшін», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен, Қазақ КСР комсомолының Құрмет грамотасымен және т.б. марапаталды.     

 2020 жылғы 11 қарашада Сағыжан Аманжолұлы Аманжоловқа Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен   №43/347 «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Аманжолов, С. Өмір өзен / С.Аманжолов. – Қарағанды, 2012. – 176 б.
  2. Ақбас, И. Қыран тектес қыр ұлы / И.Ақбас // Балқаш өңірі. – 2007. - 7 ақпан (№10). - 4 б.
  3. Әрінов, С. Өміріме үлгі болып, өрге сүйреген аға  / С.Әрінов // Балқаш өңірі. – 2010. – 28 мамыр (№65-66). - 5 б.
  4. Башар, Ж. Боз кілемде палуандар / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2010. – 11 маусым (№71-72). - 4 б.
  5. Башар, Ж. Қазақ күресін әлем мойындады / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2010.  – 3 қараша (№131). - 3 б.
  6. Башар, Ж. Тау тұлғалы азамат / Ж.Башар  // Балқаш өңірі. – 2011. – 10 маусым (№65-66). – 4 б.
  7. Қанафин, Н. Спорт саңлағының құрметіне арналған сайыс / Н.Қанафин // Балқаш өңірі. – 2011. – 10 маусым (№65-66). - 4 б.
  8. Аманжолов, С. Бірінші спортық форум болашаққа бағдар болды / С.Аманжолов //  Балқаш өңірі. – 2011. – 24 тамыз (№96). – 8 б.
  9. Бақтораз, Е. «Құрметті азаматтар» қатары толықты / Е. Бақтораз // Балқаш өңірі. – 2020. – 16 желтоқсан (№93). – 2 б.

 

 

      


Дата редактирования: 05 Тамыз 2021

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика