"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Адамбеков Кендібай Сарыбайұлы

Просмотров: 1223

 

        Адамбеков Кендібай Сарыбайұлы 1965 жылы 22 қыркүйекте Балқаш қаласының Коңырат елді-мекенінде дүниеге келген.
     Адамбеков К.С. - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастығы. Кендібай Сарыбайұлы елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге орасан зор үлес қосты. Мінсіз қызметі мен жанқиярлық еңбегі үшін II дәрежелі «Айбын» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медальдарымен, «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен және басқа да естелік белгілермен марапатталды.
     Балқаш қалалық мәслихатының 2020 жылғы 11 қарашадағы № 43/347 шешімімен Адамбеков Кендібай Сарыбайұлына «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Мақалалар тізімі:
1. Бақтораз, Е. «Құрметті азаматтар» қатары толықты / Е.Бақтораз // Балқаш өңірі. – 2020. – 16 желтоқсан (№93). – 2 б.

 

 

 

 


Дата редактирования: 28 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика