"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Айнеков Марат Өмірсерікұлы

Просмотров: 793

         Айнеков Марат Өмірсерікұлы - заманауи қазақ мүсін өнерінің тарихында ерекше орын алған көрнекті тұлға, КСРО және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан мен шетелде жасалған монументалды құрылыстардың авторы болып табылады.
      М. Айнеков 1941 жылы 22 маусымда Қарағанды облысының Балқаш қаласында дүниеге келген. М. Горький атындағы №1 орта мектебін бітірген. 1960 жылы Алматы көркем сурет училищесіне түсіп, оны үздік аяқтады, одан әрі И.Е.Репин атындағы КСРО Өнер Академиясының Ленинградтық көркем сурет салу, мүсін және сәулет өнері институтында оқуын жалғастырды.
         М. Өмірсерікұлы шығармашылықпен айналысуды балалық шағында бастады. Жоғары сыныпта оқып жүргенде Максим Горькийдің бюстін  жасап, оны мектеп ауласына орнатып қояды. Осы бюсті үшін М. Айнеков Мәскеу қаласында өткен VI Дүниежүзілік жастар және студенттер фестиваліне жолдама алды (1957 ж.).
         Мүсіншінің айтуынша, оған ең жақын шығармашылық жанр болған – ол портрет салу еді. Еңбек жолында мүсіндерін қоладан да құйып, граниттен де, ағаштан да кесіп өнерін өрлеткен. Өмір бойы М.Айнеков шығармашылықты оқытушылық қызметпен, оқытушылық қызметті шығармашылық жұмыспен ұштастырды. КСРО, ҚазКСР Суретшілер одағының мүшесі ретінде әлемді көп саяхаттады, түрлі халықаралық және республикалық көрмелер мен симпозиумдарға қатысты.
        М.Айнековтың ең маңызды туындыларының бірі - Ресей Федерациясының астанасындағы Абай Құнанбаевтың ескерткіші. Ол 2006 жылы Чистопрудный бульварында Қазақстан Республикасы елшілігінің жанында орнатылды. М.Айнеков туыстарының, достарының, әріптестерінің, шәкірттерінің, жерлестерінің жүрегінде интеллектуалды, новатор - мүсінші, патриот, кеңпейілді және ашық мінезді адам ретінде қалды.
       Марат Өмірсерікұлы Айнеков 2014 жылдың 19 қыркүйегінде дүниеден өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Дата редактирования: 18 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика