"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Приветствуем Вас на нашем сайте. Мы надеемся, что материалы, размещенные на сайте помогут найти ответы на все интересующие Вас вопросы.

Афиша

Архив

Виртуальная справка

Задать вопрос

Имя:
Email:
Вопрос:
Код:

История вопросов

1. Сәлеметсіз бе! «Алтын босаға», «Қала мен дала» атты газеттері барма сіздерде?

О кого: Жарқын

Қайырлы күн, құрметті оқырман! Сіз сұраған «Алтын босаға», «Қала мен дала» атты газеттері кітапханамызда бар. Оқу бөлімінен келіп алуыңызға болады.

Қайырлы күн! Маған Бектау ата жалы ақпарат керек еді?

О кого: Нарқыз

Сәлеметсіз бе, Нарқыз! Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 60 км жерде, ұсақ шоқылы-белесті жазықта орналасқан Бектау ата жайлы ақпаратты https://balkhashlib.kz/kk/kraeved_1 сілтемеден біле аласыз.

Сәлеметсіздер ме, кітапхана демалыс күндері жұмыс істейді ме?

О кого: Роза

Қайырлы күн, қымбатты оқырман! С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханасы күнделікті сағат 10.00 -18.00 үзіліссіз жұмыс істейді. Демалыс күні – дүйсенбі.

Қайырлы күн, Егемен Қазастан газетінің тамыз айында шыққан Жомарт Оспанның «Астананың жаңа бас жоспары» атты мақаласын тауып бере аласыздар ма?

О кого: Елжас

Қайырлы күн, қымбатты оқырман! Сіз іздеген Жомарт Оспанның «Астананың жаңа бас жоспары» атты мақаласы Егемен Қазақстан газетінің 24 тамыз №160 шыққан. Мақаланың электрондық нұсқасын сіздің почтаңызға жібердік. 1. Оспан, Ж. Астананың жаңа бас жоспары / Ж.Оспан // Егемен Қазақстан. – 2023. - 24 тамыз (№160). – 3 б.

Қайырлы күн, сіздерде қаламгер Жанболат Башардың Жалғанның жүзі мен Абыз бен Аңыз кітаптары бар ма?Алып оқысам болады ма?

О кого: Нұрдос

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Біздің кітапхана қорында өлкеміздің журналист, қаламгері Жанболат Башардың «Жалғанның жүзі» және «Абыз бен Аңыз» атты кітаптары бар. Келіп оқуыңызға болады. 1.Башар, Ж. Жалғанның жүзі: Роман және хикаяттар мен әңгімелер / Ж.Башар. - Қарағанды: «Теngгі Іtd» ЖШС баспаханасы. - 2019. - 345 б. 2.Башар, Ж. Абыз бен Аңыз / Ж.Башар. – Нұр-Сұлтан: «Профи Медиа» баспасы, 2021. – 272 б.

Сәлеметсіздер ме! Сіздерде Төкен Әлжантегінің прозалық кітабы бар ма?

О кого: Сағынай

Қайырлы күн, қымбатты оқырман! Орталық Қазақстан аймағында артына із қалдырған азаматтар хақында еңбектерден тұратын Төкен Әлжантегі жазған «Жаңаарқа жайсаң елім-ай!» атты кітабы кітапханада бар. Жазушының басқа да туындыларымен танысқыныз келсе кітапханаға келіп таңдап, қарап алуыңызға болады. 1. Әлжантегі, Т. Жаңаарқа жайсаң елім-ай! / Т.Әлжантегі. – Алматы: «Үш Қиян», 2019. – 344 б.

Қайырлы күн! Сіздерде 2024 жылғы мерейгер кітаптары жайлы ақпарат бар ма?

О кого: Әмина

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман!2024 жылғы мерейгер кітаптары жайлы толық ақпаратты https://www.calameo.com/read/00471513765937ca704e6 сілтемеден біле аласыз.

Сәлеметсіздер ме! Жидебай батыр мөлтек уданында кітапхана бар ма?

О кого: Рауан

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Бақаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №2 филиалы Жидебай батыр мөлтек ауданы, 22 үйде орналасқан.

Қайырлы күн, сіздерде Язев көшесі жайлы мағұлматтар бар ма?болса осы электронды адреске жібересіздер ме?

О кого: Қызғалдақ

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Сіздің сұрауыңыз бойынша Язев көшесі жайлы толық ақпаратты сіздің почтаңызға жібердік.

Сәлеметсіздер ме! Кітапты үйге алудын ережесін айтып жібересіздер ме? Кітапханаларыңыз жұмыс уақытын айтып жібересіздер ме?

О кого: Айдос

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Біздің кітапхана сейсенбі мен жексенбі күндері сағат 10.00 – 18.00 аралығында сіздерге қызмет көрсетеді. Кітап алу ережесі бір адамға 5 кітаптан 1 айға алуға болады.

Сәлеметсіздер ме! Сіздерде Балқаш қаласының медицинасына байланысты баспасөз беттеріне шыққан мақалалар бар ма?Болса электрондық почтама жібере аласыздар ма?

О кого: Тамара

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұрауыңыз бойынша Балқаш қаласының медицинасына байланысты табылған баспасөз беттерін сіздің жеке почтаңызға жібердік.

Қайырлы күн! Сіздерде Балқаш қаласының ескерткіштері жайлы қандай ақпарат бар?

О кого: Әлия

Қайырлы күн, құрметті оқырман! Ескерткіштер жайлы толық ақпаратты https://balkhashlib.kz/ru/gallery_balkh біздің сайт арқылы біле аласыз.

Қайырлы күн! Сіздерде адам психологиясына байланысты кітаптар бар ма?

О кого: Ерсұлтан

Сәлеметсіз бе, Ерсұлтан! Сіздің сұрауыңыз бойынша сізге Жумадиллаева Мадинаның «Ғажайып ми», Луиза Хей «Өз өміріңді сауықтыр» атты бірнеше кітаптар ұсынамыз. 1. Жұмадиллаева, М. Ғажайып ми: Ми өзгерсе, өмір қалай өзгереді / М.Жумадиллаева. – Алматы: «Самға», 2020. – 276 б. 2. Хей, Л. Өз өміріңді сауықтыр / Л.Хей: ағылшын тілінен ауд. К.Мырзагелді. – Алматы: «Самға», 2019. – 169 б.

Сәлеметсіздер ме! Білім саласына ерең еңбегі сіңген Адамбекова Хамар жайлы ақпарат сіздерде болады ма?

О кого: Жібек

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Өлкеміздің білім саласының үздігі Хамар Адамбекова Ыхыласқызы жайлы ақпартты біздің сайттан толық ала аласыз. https://balkhashlib.kz/kk/kraeved_6_2_10

Сәлеметсіздер ме! Сіздердің жасаған видеоларыңызды қай жерден көруге болады?

О кого: Алан

Сәлеметсізбе, құрметті оқырман! Виртуалды көрмені https://www.youtube.com/@Balqashokj осы сілтеме арқылы көрсеңіз болады.

Сәлеметсіздер ме! Кітапхананың инстаграмм парақшасы бар ма?

О кого: Жазира

Қайырлы күн, құрметті оқырман! https://www.instagram.com/balqashokj/?hl=ru кітапханамыздың интсаграмм парақшасы.

Қайырлы кеш! Ақша айналымы,сауда, маркетолгоялар жайлы қандай кітаптарды ұсына аласыздар?

О кого: Бекарыс

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұрауыңыз бойынша сізге А.Савельевтің Қарқынды сатылымдар. Адамдармен қалай келісуге және ақша табуға болады және Брайан Трейсидің Табысқа талпын атты кітаптарын ұсынамыз. 1. Савельев, А. Қарқынды сатылымдар. Адамдармен қалай келісуге және ақша табуға болады / А.Савельев. – Алматы: Книжный клуб баспасы, 2019. – 176 б. 2. Трейси, Б. Табысқ талпын! Жұмысты кейінге шегеруден құтылып, аз уақытта көп іс атқару 21 тәсілі / Б.Трейси. – Алматы: «Шабыт» , 2020. – 136 б.

Сәлеметсіздер ме! Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сәбит Мұқантовтың Балуан шолақ атты романы бар ма?

О кого: Салтанат

Қайырлы күн, Салтанат ханым! Сәбит Мұқановтың ғұмырнамалық туындыларының бірі «Балуан шолақ» романын кітапханаға келіп, алып таныссаңыз болады. 1. Мұқанов, С. Балуан шолақ / С.Мұқанов. – Астана: Фолиант, 2023. – 288 б.

Сәлеметсіздер ме! Шерхан Мұртазаның Интернат наны кітабын қолға алып оқуға болады ма?

О кого: Медет

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Кітапхана қорында Ш.Мұртазаның «Интернат наны» атты кітабы бар. Келіп танысып оқуңызға немесе қолға алып оқуыңызға болады. 1. Мұртаза, Ш. Интернаттың наны / Ш.Мұртаза. – Алматы: «Дария дамыту орталығы» , 2020. – 160 б.

Қайырлы кеш, құрметті кітапханашылар! Шұғыл түрде Қуандық Сәденовтың шежіре кітабының электрондық нұсқасын почтама жібере аласыздар ма?

О кого: Алина

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Сіздің жеке почтаңызға Қуандық Сәденовтың Құлық Жалаңтөс (Соқыр) ұрпақтарының шежіресі кітабының электрондық нұсқасы жіберілді. 1. Сәденов, Қ. Құлық Жалаңтөс (Соқыр) ұрпақтарының шежіресі / Қ.Сәденов.- Қарағанды: Арко, 2009. – 348 б.

Сәлеметсіздер ме, Уалиханов көшесіне жақын кітапхана бар ма? 2 ші сынып оқитын баламды тіркейін деген едім.

О кого: Асыл

Қайырлы күн, қымбатты оқырман! Уалиханов көшесіне жақын Хамзин атындағы мәдениет сарайының екінші қабатында орналасқан №4 «Сырлас» филиалына барып тіркеле аласыз.

Қайырлы күн! Сіздерде Балқаш мысының 85 жылдығына арналып Л.Смагулованың жақында жарыққа шыққан мақаласынның көшірмесін менің жеке почтама жібере аласыздар ма?

О кого: Мәншүк

Сәлеметсіз бе, Мәншүк ханым! Сіздің сұрағыныз бойынша Балқаш өңірі газетінің 24 қараша күнгі 87–ші нөмірдегі Л.Смагулованың «Мерейтойыңмен, мыс алыбы!» атты мақаласы почтаңызға жіберілді. 1. Смагулова, Л. Мерейтойыңмен, мыс алыбы / Л.Смагулова // Балқаш өңірі. – 2023. – 24 қараша (№87). – 1,4,5 б.

Сәлеметсіздер ме! Сіздерде Шәмші Қалдаяқовтың «Теріскей» әнінің шығу тарихы жайлы мәлемет болады ма?

О кого: Мәрлен

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Еркінбай Әлімқұловтың «Шәмші Қалдаяқов – ән патшасы» атты кітабы бар, осы кітаптың ішінде сіз іздеген «Теріскей» әнінің шығу тарихы қамтылған. Оқу залына келіп танысуыңызға болады. 1. Әлімқұлов, Е. Шәмші Қалдаяқов – ән патшасы: Роман эссе / Е.Әлімқұлов. – Алматы: «Өнер», 2012. – 464 б.

Сәлеметсіздер ме! Шағын несие алу үшін жоба жазып жатыр едім. Осыған орай сіздердің кітапханада аспаздық, тамақтандыру кәсіпорндарының техналогиялық жабдықтары жайында қандай кітаптар бар?

О кого: Гүлзира

Сәлеметсіз бе, қыбатты оқырман! Жобаңызға сәттілік тілейміз. Сізге біз Рик Роджерстің «Әлем халықтарының тағамдары» атты үй жағдайында дайындалатын танымал тағамдардың рецептері, Г.Бесімбаева, Е.Бесімбаеваның «Аспаздық» оқулығын, Қ.Күзембаев, Г.Күзембаева «Тамақтандыру кәсіпорындарының жабдықтары» атты кітаптарды ұсына аламыз және тағыда көптеген кітаптарды біздің кітапханамыздан келіп қарап алуыңызға болады. 1. Роджерс, Р. Әлем халықтарының тағамдары / Р.Роджерс; ағылшын тілінен ауд. А.Абдрахманова. – Астана: «Фолиант», 2014. – 304 б. 2. Аспаздық: Оқулық / құраст.: Г.Бесімбаева. Е.Бесімбаева. – Астана: «Фолиант», 2007. – 388 б. 3. Тамақтандыру кәсіпорындарының жабдықтары: Оқулық / құраст.: Қ.Күзембаев, Г.Күзембаева. – Астана: «Фолиант», 2010. – 200 б.

Қайырлы күн! Сіздерде қазіргі қоғамдағы отбасы құндылығын дәріптейтін кітап бар ма? Болса электрондық нұсқасын жекеме жібере аласыздарма?

О кого: Назия

Сәлеметсіз бе, Назия ханым! Сіздің сұрауыңыз бойынша кітапхана қорында бар Құралай Қалиеваның «Бақыттың кілті – әйелде» бақытқа бастар 70 нақты кеңес кітабының электрондық нұсқасы сіздің жеке почтаңызға жіберілді. 1. Қалиева, Б. Бақыттың кілті – Әйелде / Б.Қалиева . – Алматы: ЖШС «Дәуір» РПБК, 2018.- 208 б.

Қайырлы күн, құрметті кітапханашылар сіздерде өлкемізге танымал дәрігер Қазыбекова Мағрипа жайлы деректер бар ма?

О кого: Жанайдар

Сәлеметсіз бе, Жанайдар! Медицина саласында ерен еңбегі сіңген Қазыбекова Мағрипа Мырзағұлқызы жайлы толық ақпаратты сілтмеге өтіп таныса аласыз https://balkhashlib.kz/kk/kraeved_6_3_5 https://www.calameo.com/read/00179884442442209f1aa

Әлемге әйгілі Гарри Поттер кітабының қазақша аудармасы бар ма?

О кого: Жандос

Қайырлы күн, қымбатты оқырман! Ж.К.Роуллиннің «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме» атты кітабы кітапхана қорында бар. 1. Роуллин, Ж. Хәрри Поттер мен жасырын бөлме / Ж.Роуллин; ағылшын тілінен ауд. Д.Мәзен. – Алматы: Steepe & World, 2020. – 324 б.

Қаламыздың танымал суретші, гобиленші Өміркелі Мұхтарұлы жайлы ақпаратты почтама жібере аласыздар ма?

О кого: Аяна

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Қазақстан Республикасының суретшілер Одағының мүшесі, өлкеміздің бір туар азаматы Әбеуов Өміркелді Мұхатрұлы жайлы толық ақпаратты сілтеме арқылы біле аласыз. https://balkhashlib.kz/kk/abeuov

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай эссе жазуыма байланысты соңғы жылдары шыққан Тәуелсіздік тамырлары атты кітабы бар ма? Болса алып оқуға болады ма?

О кого: Рауан

Қайырлы күн, қымбатты оқырман! Біздің кітапханамызда Бейбіт Қойшыбаевтың «Тәуелсіздік тамырлары» атты кітабы бар. Бұл кітап 2022 жылы шыққан. 1. Қойшыбаев, Б. Тәуелсіздік тамырлары / Б.Қойшыбаев. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022. – 612 б.

Грек – рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем кубогының иегері Жақсылық Үшкемпіров туралы деректі роман шықты деп естіп едім, атын ұмытып отырмын.Сол кітапты маған тауып бере аласыздар ма?

О кого: Зәуреш

Сәлеметсіз бе, құрметті Зәуреш ханым! Сіз іздеген Жақсылық Үшкемпіров туралы деректі роман «Біртуар» деп аталады, авторы Сәуле Досжан. Бұл романмен кітапханаға келіп танысып, алып оқуыңызға болады. Досжан, С. Біртуар / С.Досжан. – Алматы: «Ел – шежіре», 2021. – 184 б.

Сәлеметсіз бе! Сіздерде Мінайхан Салтанаттын жеңілметін махаббат кітабы бар ма?

О кого: Зибагүл

Қайырлы күн, оқырман! Сіз іздеген жас жазушы Минайхан Салтанаттың «Жеңілмейтін махаббат» атты кітабын кітапханамыздан алып оқуыңызға болады. Минайхан, С. Жеңілмейтін махаббат / С.Минайхан. – Алматы: «Жалын баспасы», 2022. – 288 б.

Сәлеметсіздер ме! Сіздерде қазақ елі саңлақтарының соңғы Олимпиадада қол жеткізген табыстары жайлы жазылған кітаптар бар ма?

О кого: Руслан

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Кітапхана қорында қазақ спортына арналған Оңдасын Елубайдың «Дүниені дүбірлеткен жеті дода», Ө.Жолымбетов, А.Құлназаровтың «Қазақстан - спортшылар елі» атты кітаптары бар . Елубай, О. Дүниені дүбірлеткен жеті дода: Кітап – альбом / О.Елубай. – Алматы: «Алатау»: 2018. – 368 б. Қазақстан – спортшылар елі: Энициклопедиялық анықтама / құраст.: Ө. Жолымбетов, А.Құлназаров. – Алматы: «Сөздік – словарь», 2009. – 880 б.

Қайырлы күн, сіздерде Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі Тамара Тимофеевна Григорьева жайлы ақпарат болады ма?

О кого: Сымбат

Сәлеметсіз бе, Сымбат! Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі Тамара Тимофеевна Григорьева жайлы толық ақпаратты https://balkhashlib.kz/kk/izdania/page/2 сілтемеден өтіп, таныса аласыз.

Сәлеметсіздерме! Сіздерде Н.Ж.Домбай, В.Г.Рыбаков және В.К.Шахиджанов құрастырған «Біз-байытушымыз» кітабы бар ма? Қолға алып оқуға болады ма?

О кого: Асхат

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Сіздің сұрауыңыз бойынша кітапхана қорында Н.Ж.Домбай, В.Г.Рыбаков және В.К.Шахиджанов құрастырған «Біз – байытушымыз. Мы – обогатители» кітабы бар. Кітапханаға келіп таныссаңыз болады. Біз – байытушымы. Мы – обогатители / құраст.: Н.Ж.Домбай, В.Г.Рыбаков, В.К.Шахиджанов. – Жезқазған: АО «Корпорация Казахмыс», 2003. – 196 б.

Сәлеметсіз бе, маған Тәуелсіздік стеласы жайында екі тілде ақпарат керек еді.

О кого: Ақмарал

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» стеласы туралы ақпарат екі тілде көрсетілген: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» стеласы Ескерткіш «Тәуелсіздік» алаңына орнатылып, 2001 жылы 16 желтоқсан күні ашылды. 2008 жылы Қараменде би мен Ш.Уәлиханов көшесінің қиылысындағы аллеяға ауыстырылды. Стела Балқаштың граниті мен мәрмәрдан, шаңырағы мыстан жасалған. Стеланың он буыны Тәуелсіз Қазақстанның он жылда өткен асуларын сипаттайды. Шаңырақты айнала ұшып жүрген қарлығаштар бейнесі – үлкен шаңырақ аясында Қазақстанда тұратын барлық халықтар үшін жақсылық пен бақыттың, бірлік пен берекенің символы. Жоба авторы – Төлеков Даир. Ескерткіш жобасын жасап, орнатып, қалаға тарту еткен Балқаштың химия-металлургиялық комбинатының жетекші мамандары. Стела «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» Памятник установлен на площади "Тәуелсіздік" и был торжественно открыт в 16 декабря 2001 года. В 2008 году был переведен в переулок на пересечении улиц Қараменде би и Ш. Уалиханова. Стела выполнена из гранита и мрамора Балхаша. Шанырак сделан из меди. Десять соеденительные преграды стелы описывают пройденные этапы независимого Казахстана за десять лет. А ласточки летающие вокруг шанырака олицетворяет символом добра и счастья, единства и благополучия для всех народов, проживающих в Казахстане на фоне большого шанырака. Автор проекта-Толеков Даир. Памятник установили и привлекли его в город, спроектировали ведущие специалисты Балхашского химико-металлургического комбината.

Қайырлы күн, маған Өлке тарихының қазынасы атты Балқаш өңірі газетіне шыққан мақала керек еді, пдф форматында жібере аласыздар ма?

О кого: Индира

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Сіз сұраған Ш.Тойымбекованың "Өлке тарихының қазынасы" атты мақаласы пдф форматында жеке эл.почтаңызға жіберілді. 1. Тойымбекова, Ш. Өлке тарихының қазынасы / Ш.Тойымбекова // Балқаш өңірі. - 2023. - 22 қараша (№86). - 1,4 б.

Сәлеметсіздер ме, Мекемтас Мырзахметұлының Абайдың толық адам ілімі деген кітабы керек еді, алып оқыса болады ма?

О кого: Мадияр

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Мекемтас Мырзахметұлының Абайдың «толық адам» ілімі атты кітабы бар. Кітапханамызға жазылып, алып оқуыңызға болады. 1. Мырзахметұлы, М. Абайдың «толық адам» ілімі / М.Мырзахметұлы. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020. – 240 б.

Сәлеметсіздер ме! Балхаш өңірі газетінде 2012 жылы Жаухар жырдың зергері деген мақаланы сканерлеп жеке почтама жібересіздерме.

О кого: Ардақ

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша 2012 жылы Балқаш өңірі газетіне шыққан Н.Нұрмұханұлының «Жауһар жырдың зергері» атты мақаласының электронды нұсқасын эл.почтаңызға жібердік. 1. Нұрмұханұлы, Н. Жауһар жырдың зергері / Н.Нұрмұханұлы // Балқаш өңірі. – 2012. – 27 қаңтар (№10 - 11). - 8 б.

Сәлеметсіз бе маған Темір жолы – өмір жолы атты кітабында жауынгер-ауғандық Аязбаев Мұрат жайында жазылған бетін пдф форматында жібере аласыздар ма?

О кого: Қызғалдақ

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! сіздің сұранысыңыз бойынша А.Ариновтың «Темір жолы – өмір жолы» атты кітабында Аязбаев Мұрат Жолдасбайұлы жайында жазылған «Деподағы жалғыз жауынгер-ауғандық» атты естелігі сіздің жеке почтаңызға пдф форматында жіберілді. 1. Аринов, А. Темір жолы – өмір жолы / А.Аринов. – Қарағанды: ТОО «Форма Плюс» баспасы, 2022. – 166 б.

Сәлеметсіз бе! Маған Д.Қ.Ахметұлының өмір және еңбек шежіресі атты кітабы керек еді. Болса алып, оқуға болады ма?

О кого: Назар

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Д.Қ.Ахметұлының «Өмір және еңбек шежіресі» атты кітабы бар. Алып, оқуыңызға болады. 1. Қонаев, Д. Өмір және еңбек шежіресі / Д.Қонаев. – Алматы: «Service Press», 2022. – 304 б.

Кеш жарық, сіздерде Әмен Әзиев Жер жарасы кітабы бар ма?

О кого: Тарғын

Кеш жарық, құрметті оқырман! Сіз сұраған Әмен Әзиевтің "Жер жарасы" атты кітабы бар, келіп оқуыңызға болады. 1. Әзиев, Ә. Жер жарасы: Тарихи роман / Ә.Әзиев. - Алматы: Рауан. - 1994. - 384 б.

Қайырлы күн, маған Ескі де жаңа "Гүлдер" ансамблі атты мақала керек еді.

О кого: Роза

Қайырлы күн, құрметті оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Егемен Қазақстан газетіне шыққан Батырхан Сәрсенханның Ескі де жаңа "Гүлдер" ансамблі атты мақаласы бар, жеке почтаңызға пдф форматында жіберілді. 1. Сәрсенхан, Б. Ескі де жаңа "Гүлдер" ансамблі / Б.Сәрсенхан // Егемен Қазақстан. - 2023. - 19 мамыр (№93). - 24 б.

Сәлеметсіз бе, маған киіктер жайында мақала керек еді, осы жылы мамыр айында Егемен Қазақстан газетіне шыққан болатын, почтама жібере аласыздар ма?

О кого: Марғұлан

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Сіз сұраған Егемен Қазақстан газеті Әлиман Жәнібек "Арқа жайлы болмай тұр киіктерге..." атты мақаласын жеке почтаңызға жібердік. 1. Әлиман, Ж. Арқа жайлы болмай тұр киіктерге... / Ж.Әлиман // Егемен Қазақстан. - 2023. - 19 мамыр (№93). - 14 б.

Сәлеметсіздер ме? Маған Ерболат Әбікенұлының «Желтоқсан ызғары» деген кітабы қажет еді. Сіздерде барма?

О кого: Дастан

Құрметті оқырман, сәлеметсіз бе? Сіздің сұранысыңыз бойынша Ерболат Әбікенұлының «Желтоқсан ызғары» атты кітабы бар. Кітапханамызға жазылып, алып оқуыңызға болады. 1. Әбікенұлы, Е. Желтоқсан ызғары: Проза / Е.Әбікенұлы. – Алматы: «Жалын» ЖШС, 2015, - 136 б.

Қайырлы күн, сіздерде Сейдахмет Бердіқұловтың спорт туралы жазған кітабы бар ма?

О кого: Гүлім Жұманова

Қайырлы күн! Сіздің сұранысыңыз бойынша Сейдахмет Бердіқұловтың спорт туралы жазылған «Тұйғын» атты кітабы бар. Өзіңізге ыңғайлы уақытта келіп алып оқуыңызға болады. 1. Бердіқұлов, С. Тұйғын. Повестер / С.Бердіқұлов. – Алматы: Атамұра, 2008. – 304 б.

Сәлеметсіз бе? Маған «Теміржол вокзалы» деген кітапты тауып бере аласыздар ма? Авторы есімде жоқ.

О кого: Тамаша

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша кітапхана қорында Әлібек Байболдың «Теміржол вокзалы» атты кітабы бар. Кітапханамызға жазылып, алып оқуыңызға болады. 1.Байбол,Ә. Теміржол вокзалы: Проза. / Ә.Байбол. – Алматы: «Жалын баспасы» ЖШС, 2012. – 320 б.

Қайырлы күн! Сейдахмет Бердіқұловтың Егеулі найза повесті барма? Болса барып алсам болады ма?

О кого: Гүлім Жұманова

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша кітапханамызда Сейдахмет Бердіқұловтың үш томдық шығармалар жинағының бірінші томында «Егеулі найза» атты повесті бар, егер жазушының басқа да шығармалары сізді қызықтырып жатса, келіп алып оқуыңызға болады. 1. Бердіқұлов,С. Шығармалары: Повестер мен әңгімелер / құраст.: Қ.Рысбек. – Астана: «Жарыс.KZ» ЖШС, 2013. – 384 б.

Сәлеметсіздер ма, маған повестер мен әңгімелер жинақталған Бала бүркіт атты кітабы керек еді, алып оқуға болады ма?

О кого: Томирис

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Сіздің сұрауыңыз бойынша кітапханамызда Тұрдақын Жексенбайдың повестер мен әңгіме-ертегілер топтастырылған «Бала бүркіт» атты кітабы бар, алып оқуыңызға болады. 1. 1. Жексенбай, Т. Бала бүркіт. Повестер, әңгімелер, ертегілер / Т.Жексенбай. – Алматы: «Атамұра», 2014. – 248 б.

.Қайырлы күн! Маған Балқаш көлі туралы жазылған жыр шумақтарын почтама жібере аласыздар ма?рахмет.

О кого: Нурбол

Қайырлы күн, қымбатты оқырман! Сұрауыңыз бойынша сіздің электрондық почтаңызға Балқаш көлі жайлы жазылған жыр шумақтары жіберілді. Башар, Ж. Көкше көлдің самалы / Ж.Башар. – Алматы: «Жібек жолы» баспасы, 2004. – 122 б.

Сәлеметсіздер, сіздерде аймақтық қоғамдық – саяси газеті бар ма? Барып оқуға болады ма?

О кого: Қайрат Қайнарович

Құрметті Қайрат Қайнарович, кітапхана қорына апта сайын өлкеміздің саяси – қоғамдық газеттері «Балқаш өңірі» және «Северное Прибалхашье» газеттері келіп түседі, оқып таныссаңыз болады.

Сәлеметсіздер ме, сіздерде Хьюс, Л.Испанская дочь кітабы бар ма?

О кого: Әсем

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Сіз іздеген кітап кітапхана қорында бар. 1. Хьюс, Л. Испанская дочь / Л.Хьюс. – Москва: Эксмо, 2023. – 480 с.

Кешіріңіздер, сіздерде ҰОС ардагері Зенькина Рашида Исмагилованың қазанамасы жайлы ақпарат болады ма? болса почтама жібере аласыздар ма?

О кого: Жасұлан

Сәлеметсіз бе, оқырман! Сіздің сұрауыңыз бойынша ҰОС ардагері Зенькина Рашида Исмагилованың қазанамасы жайлы ақпарат почтаңызға жіберілді. Ардагер жайында толық мәлеметті https://balkhashlib.kz/kk/kraeved_6_10_25 сілтемесі арқылы біле аласыз.

Сәлеметсіз бе, Балқаш қаласының Құрметті азаматы Әбеуов Өміркелді Мұхтарұлы жайлы ақпарат бересіздер ме?

О кого: Жазыбек

Қайырлы күн, Жазыбек! Балқаш қаласының Құрметті азаматы Әбеуов Өміркелді Мұхтарұлы жайлы толық ақпаратты кітапхана сайтынан біле аласыз. https://balkhashlib.kz/kk/abeuov

Қайырлы күн, сіздерді балаларға арналған М.Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» кітабын алып оқуға болады ма?

О кого: Ақерке

Сәлеметсіз бе, Ақерке М.Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» кітабын Ж.Әбуғалиев көшесінде орналасқан А.Гайдар атындағы ОҚБК кітапханасына жазылып, алып оқуыңызға болады. 1. Твен, М. «Том Сойердің басынан кешкендері» / М.Твен.: (ауд. Ф.Оңғарсынова). – Нұр - Сұлтан: Аударма, 2020. – 256 б.

Сәлеметсіз бе, сіздерде Алексея Чаркасовтың Сказания о людях тайги кітабы бар ма?

О кого: Сания

Қайырлы күн, құрметті оқырман! Сіздің сұрауыңыз бойынша кітапханамызда Алексея Чаркасов және Полины Москвитинаның «Сказания о людях тайги». «Хмель» кітабы бар. Келіп оқуыңызға болады. Черкасов, А. Сказания о людях тайги: Хмель. Конь Рыжий. Черный тополь / А.Черкасов, П.Москвитина. – Москва: Эксмо, 2023. – 1328 с.

Қайырлы күн, сіздерде жаңа фантастикалық кітаптар бар ма?

О кого: Наргиз

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! сіздің сұранысыңыз бойынша фантастика жанрындағы жаңа кітаптар бар, кітапханамызға келіп оқуыңызға болады. 1. Шамұратова, Ж. Сандық / Ж.Шамұратова. – Астана: Фолиант, 2023. – 320 б. 2. Коллинз, С. Аштық ойындары. Өрт / С.Коллинз. – Астана: Фолиант, 2023. – 284 б. 3. Коллинз, С. Аштық ойындары: роман / С.Коллинз. – Астана: Фолиант, 2023. – 264 б. 4. Желязны, Р. Сыңармүйіз белгісі: роман / Р.Желязны. – Астана: Фолиант, 2023. – 220 б. 5. Желязны, Р. Авалонның қаруы: роман / Р.Желязны. – Астана: Фолиант, 2023. – 248 б. 6. Адамс, Д. Галактикаға саяхат / Д.Адамс. – Алматы: Мазмұндама, 2022. – 392 б.

Қайырлы күн, маған осы жылғы маусым айында Заң газетіне шыққан Құрманғали Айшаның мақаласы керек еді, болса жеке почтама жібере аласыздар ма?

О кого: Каршыға

Қайырлы күн, құрметті оқырман! Айша Құрманғалидың «Заң жобасында журналистер талабы ескерілуі керек» атты мақаласы бар, жеке почтаңызға пдф форматында жіберілді. 1. Құрманғали, А. Заң жобасында журналистер талабы ескерілуі керек / А.Құрманғали // Заң газеті. – 2023. – 23 маусым (46). – 8 б.

Сәлеметсіздер ма, маған Жас Алаш газетіне шыққан Бөкей Ордасынан Мәскеуге жөнелтілген хат атты мақала керек еді?

О кого: Ажар

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! сіздің сұранысыңыз бойынша Жас Алаш газетіне шыққан Бақтылы Боранбаеваның «Бөкей Ордасынан Мәскеуге жөнелтілген хат» атты мақаласы бар, келіп оқуыңызға болады. 1. Боранбаева, Б. Бөкей Ордасынан Мәскеуге жөнелтілген хат / Б.Боранбаева //Жас Алаш. – 2023. – 27 маусым (51). – 6 б.

Қайырлы күн, маған Роза Есбалаеваның Қазақ әдебиеті газетіне осы жылы маусым айында шыққан Ергежейлілер еліне саяхат атты мақаласы керек еді, жеке почтама жібере аласыздар ма?

О кого: Гүлбахрам

Қайырлы күн, құрметті оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Роза Есбалаеваның «Ергежейлілер еліне саяхат» атты мақаласы бар, жеке почтаңызға пдф форматында жіберілді. 1. Есбалаева, Р. Ергежейлілер еліне саяхат оқырманына оралды / Р.Есбалаева // Қазақ әдебиеті. – 2023. – 16 маусым (24). – 6-7 б.

Сәлеметсіздер ма, маған Қаракесек руы жайында кітаптар керек еді, Сарым шежіресі және Шаншар.

О кого: Тілеуқабыл

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! сіз сұраған Қаракесек руы жайында жазылған кітаптар кітапханамызда бар, келіп оқуыңызға болады. 1. Смаилов, Ж. Қаракесек Шаншар (абыз) әулетінің шежіресі / Ж.Смаилов. – Алматы: ЖШС Жедел басу баспаханасы, 2007. – 424 б. 2. Жақсыбайұлы, Т. Қаракесек Сарым шежіресі / Т.Жақсыбайұлы, А.Ильясұлы. – Қарағанды, 2001. – 575 б.

Қайырлы күн, сіздерде О моем времени атты кітап бар ма? алып оқуға болады ма?

О кого: Гульфия

Қайырлы күн, құрметті оқырман! Кітапханамызда Дінмұхамед Қонаевтың «О моем времени» атты кітабы бар, алып оқуыңызға болады. 1. Кунаев, Д. О моем времени: Воспоминания / Д.Кунаев. – Алма-Ата: Дәуір, МП Ынтымақ, 1992. – 312 с.

Сәлеметсіз бе, маған Егемен Қазақстан газетіне шыққан Ташкентте өткен әлем чемпионаты жайында жазылған мақала керек еді, болса жеке почтама жібере аласыздар ма?

О кого: Сымбат

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Егемен Қазақстан газетіне шыққан Алмас Манаптың «Төрткүл дүниені мойындатқан төртеу» мақаласы бар, сіздің жеке почтаңызға пдф форматында жіберілді. 1. Манап, А. Төрткүл дүниені мойындатқан төртеу / А.Манап, Ә.Битөре // Егемен Қазақстан. – 2023. – 15 мамыр (89). – 1,14 б.

Қайырлы күн ақжолтай ағыбай батыр кітабы бар ма сіздерде

О кого: Сандуғаш

Қайырлы күн, құрметті оқырман! кітапханамызда Жұмағұл Шөженов «Ақжолтай Ағыбай батыр» кітабы бар, келіп оқуыңызға болады. 1. Шөженов, Ж Ақжолтай Ағыбай батыр / Ж.Шөженов. – Қарағанды. – 2002. – 234 б.

Сәлеметсіз бе, Мағауия Хамзин кітабын алып оқысам деп едім, сіздерде бар ма?

О кого: Дина

Сәлеметсіз бе, Дина ханым! Мағауия Хамзин жайында жазылған кітап бар, кітапханамызға келіп оқысаңыз болады. 1. Хамзин, М Мағауия Мақамы: естеліктер, пікірлер, арнаулар / М.Хамзин. – Қарағанды. – 2017. – 118 б.

Қайырлы күн маған егемен қазақстан газетіне шыққан Блогер мәртебесі жайлы жазылған мақала керек еді. Жеке почтама жібере аласыздар ма?

О кого: Тимур

Қайырлы күн, құрметті оқырман! Егемен Қазақстан газетіне шыққан «Блогер мәртебесі: Жауапкершілік пен адамгершілік» атты мақаласы бар, сіздің жеке почтаңызға жіберілді. 1. Асаекелдіұлы, А Блогер мәртебесі: Жауапкершілік пен адамгершілік / А.Асанкелдіұлы // Егемен Қазақстан. – 2023. – 5 мамыр (84). – 1,5 б.

Сәлеметсіздер ме. Сіздерде Мусин Алиханның өмірбаяны табылады ма?

О кого: Назым

Қайырлы күн, құрметті оқырман! Сіздің сұрнысыңыз бойынша Әлихан Мусин жайлы мына сілтемеге өтіп таныса аласыз. https://balkhashlib.kz/ru/kraeved_6_1_8

Қайырлы күн! Сіздердің кітапханаларыңыздың жылнамасымен қалай танысуыма болады?

О кого: Сабира

Сәлеметсіз бе, Әлия! Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің тарихындағы басты оқиғалармен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыз https://balkhashlib.kz/kk/about_1

Қайырлы күн! Маган Шалова Берекенің 2007 жылғы қаламыздың дәрігері Т.Жұмановтан алған сұхбаты бар гәзет бетін электронды түрде жібере аласыздар ма?

О кого: Марал

Сәлеметсіз бе, Марал ханым! Сіздің сұранысыныз бойынша Береке Шалованың Северное Прибалхашье газетіне жарияланған «Слагаемые нашего здоровья» атты мақаласының электрондық көшірмесін жеке почтаңызға жібердік. Шалова, Б. Слагаемое нашего здоровья / Б.Шалова // Северное Прибалхашье. – 2007. – 23 февраля (№19 – 20). – С.2

Сәлеметсіз бе, маған Металлурги Балхаша атты кітабы керек еді? Алып оқысам болады ма?

О кого: Жібек

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Кітапханамызда Совет Каукербекұлының «Металлурги Балхаша» атты кітабы бар, келіп оқуыңызға болады. 1. Каукербекулы, С. Металлурги Балхаша / С.Каукербекулы. – Караганда: ОАО «Карагандинская Полиграфия». – 2003. – 320 с.

Сәлеметсіз бе, сіздерде Балқаш қаласының әкімі ашаршылық құрбандарына қойылған белгінің басына барып, тағзым жасаған еді, Балқаш өңірі газетіне мақаласы шыққан болатын, мақаланың атауы есімде емес? Бар болса пдф форматында жеке почтама жібере аласыздар ма?

О кого: Асхат

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Балқаш өңірі газетіне шыққан «Қаралы жылдар қасіреті – жұрт жадында» атты мақала бар, жеке эл.почтаңызға пдф форматында жіберілді. 1. Маратұлы, Н. Қаралы жылдар қасіреті – жұрт жадында / Н.Маратұлы // Балқаш өңірі. – 2023. – 2 маусым (№40). – 2 б.

Сәлеметсіздер ма, маған Қасен Бижанов туралы ақпарат керек еді?

О кого: Қымбат

Қайырлы күн, құрметті оқырман! Сіз сұраған Қасен Бижанов жайында жазылған кітаптар бар, келіп оқуыңызға болады. 1. Попов, Ю. Хасен Бижанов: окружение, дела и встречи / Ю.Попов. – Караганда: Издательство КарГу, 2008. – 198 с. 2. Бижанов Қасен: естеліктер, тарихи деректер / құраст.: К.Сардарбек. – Балқаш. – 2000. – 45 б.

сіздерде Аид әл-Қарни «Мұңайма» кітабы бар ма? Немесе орысшасы?

О кого: Ясмин

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Өкінішке орай сіз сұраған кітап бізде жоқ екен.

Сәлеметсіздер ме, Балқаш өңірінде өсетін ерекше ағаштың атауы және сол ағаш жайында ақпарат керек еді..

О кого: Бұлбұл

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Балқаш қаласына жақын жерде ескіден қалған азиялық теректер бар. Нақты өскен жері Тоқырауын өзені ағысының төменгі бойында, Ортадересін кентінің аумағында. Бүгінде бұл ағаш қорғалып ,қадағалауға алынған, қызыл кітапқа енген. Ағаштың түрі – Тораңғы деп аталады.

Қайырлы күн, маған Чернобыль АЭС-дағы апатты жоюға қатысушыларға арналған ескерткіштің сипаттамасы керек еді, болса жеке почтама жіберсеңіздер. ayana2323@mail.ru

О кого: Аян

Қайырлы күн, Аяна! Чернобыль АЭС-нің зардаптарын жоюшы Балқаштықтарға арналған ескерткіштің сипаттамасы - ескерткіш қаламыздың жағалау маңында 2017 жылы тұрғызылды. Авторы белгілі мүсінші, суретші көкшетаулық Манарбек Бұрмағанов. Туындының гранит қаңқасына жарылыс болған төртінші станцияның бейнесі ақ мрамордан ойылып салынса, ал оның бергі жағында қорғаныш киімдердегі адамдар бейнеленген. Сонымен қатар мүсіннің дәл ортасында медаль, ал төбесінде бейбітшілік пен тыныштықтың символы ақ көгершін бар. Одан бөлек «Өз өмірлерін бүкіл әлемді қорғаған Чернобыль батырларына» атты тақтайша қойылған.

Сәлеметсіздер ме, маған Балқаш локомотив депосы жайында жазылған кітап керек еді, болса электронды нұсқасын жеке почтама жібере аласыздар ма? Рахмет! farhat000@mail.ru

О кого: Фархат

Қайырлы күн, Фархат! Сіздің сұрауыңыз бойынша Балқаш локомотив депосы жайында жазылған кітап бар, электронды почтаңызға жіберілді. 1. Аринов, А. Темір жолы – өмір жолы / А.Аринов. – Қарағанды қаласы: ТОО «Форма Плюс» баспасы, 2022. – 166 б.

Здравствуйте посоветуйте пожалуйста какую нибудь фантастическую книгу.

О кого: Светлана

Добрый день! У нас большой выбор книг разного жанра. Приходите к нам в библиотеку, и мы поможем вам выбрать подходящую для вас книгу.

Қайырлы күн, Еңлік кебектің электронный форматы бар ма

О кого: Мағрипа

Қайырлы күн! Кітапхана сайтында Шәкірім Құдайбердіұлының Еңлік-Кебек поэмасының электронды нұсқасы бар. https://yadi.sk/d/biziGeH5hBJ08Q

Здравствуйте! В библиотеке есть книги Джон Бойна?

О кого: Ирина

Здравствуйте! Есть роман Джона Бойна «Мальчик в полосатой пижаме» 1. Бойн, Д. Мальчик в полосатой пижаме. Роман / Д.Бойн. – Москва: «Фантом Пресс», 2019. – 228 с.

Саламатсыз ба, маған 1922 жылғы Ақ жол газетіндегі Қазақстанда аштық қырғынынан қайтсек құтыламыз?, Ашаршылықтан кісі етін жеген атты мақалалары керек болып тұр пдф форматында немесе көшірмесі бар ма?

О кого: Талғат

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Сіз сұраған мақалалар 2020 жылы жарық көрген көптомдық Ақ жол газетінің 6-томында жарияланған. Сізге pdf нұсқасында жіберілді. 1. Ақ жол газеті. Көптомдық. 6 том / құраст.: Х.Есенқарақызы. – Нұр-Сұлтан: «Алашорда» қоғамдық қоры, 2020. – 384 б.

Қайырлы күн сіздерде Бектауата жайында толық мәлімет бар ма? Болса электронды нұсқасын жіберіңіздерші

О кого: Ләйлә

Қайырлы күн, құрметті оқырман! Бектауата таулары жайында ақпаратты біздің сайтымыздан таба аласыз. https://www.balkhashlib.kz/files/userfiles/bekt_bek_ulie_bektauata_g_r__.pdf

Сәлеметсіздер ме? Маған Әбіл Кәріпбайдың Қазына жүрек кітабы керек еді, қалай алсам болады?

О кого: Раиса

Сәлеметсіз бе, оқырман! Бізде ақын Әбіл Кәріпбайдың «Қазына-жүрек» жыр жинақтары бар. Келіп оқысаңыз болады. 1. Кәріпбай, Ә. Қазына – жүрек: өлеңдер / Ә.Кәріпбай. – Алматы: «ҚАЗақпарат», 2011. – 400 б.

Сәлеметсіздер ме, Құрметті кітапханашылар! Өтініш, тез арада жерлестеріңіз Балқаш қаласының Құрметті азаматы, еркін күрестен қазақ палуаны Аманжолов Сағыжан Аманжолұлының түрлі-түсті фото суреттері болса жіберіңіздерші? Алдын - ала рахмет!

О кого: Жібек

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырман! Аманжолов Сағыжан Аманжолұлының түрлі-түсті фотосуреттері бізде жоқ. Төменде көрсетілген кітапта фотосуреттері бар. 1. Аманжолов, С. Өмір өзен / С.Аманжолов. – Қарағанды, 2012. – 176 б. Егер қажет болса, сканерлеп, жібере аламыз.

Қайырлы күн! Сіздерде Балқаш қаласының Құрметті азаматы Жылқыбай Бейісұлы туралы қандай мәліметтер бар, болса солардың көшірмесін қалай алуға болады?

О кого: Ұлан

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Кітапханамызда Жылқыбай Бейісұлы аталып өтілген мақалалар мен кітаптардағы үзінділер бар екен. Егер мүмкіндіңіз болса, кітапханаға келіп, материалдармен толығырақ таныса аласыз.

Қайырлы кеш, маған Дәулет Қожақовтың аймақтық мұражайлар мен археологиялық ескерткіштер қорғалса атты мақаласы керек еді, шыққан жылын білмей тұрмын.

О кого: Асылым

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! 2007 жылы Балқаш өңірі газетіне шыққан Дәулет Қожақовтың «Аймақтық мұражайлар мен археологиялық ескерткіштер қорғалса...» атты мақаласы бар, келіп қарауыңызға болады. 1. Қожақов, Д. Аймақтық мұражайлар мен археологиялық ескерткіштер қорғалса... / Д.Қожақов // Балқаш өңірі. – 2007. – 7 желтоқсан. – 5 б.

Қайырлы күн маған 2016 жылы Егемен Қазақстан газетіне шыққан «Рейхстагқа ту тіккен» Рақымжан Қошқарбаев жайында мақаласы керек еді. Жеке почтама ПДФ форматында жібере аласыздар ма? kumis0502@mail.ru

О кого: Күміс

Сәлеметсіз бе, Күміс! Дастан Кенжалиннің «Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев Ресей Батыры атағына ұсынылды» атты мақаласы бар, pdf форматы жекеңізге жіберілді. 1. Кенжалин, Д. Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев Ресей Батыры атағына ұсынылды / Д.Кенжалин // Егемен Қазақстан. – 2016. – 12 мамыр (№89). – 3 б.

Қайырлы кеш маған ҰОС ардагері Зенькина Рашида Исмагиловна жайында мағлұмат керек еді.

О кого: Жадыра

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірі Зенькина Рашида Исмагиловна жайлы толық ақпаратты кітапхана сайтынан https://www.balkhashlib.kz/kk/kraeved_6_10_25 көре аласыз.

Сәлеметсіздер ме? Азамат Омаровтың Арғын шұбыртпалы шежіресі атты кітабының электронды түрі (PDF) бар ма, немесе қайдан алуға болады?

О кого: Тохтар

Сәлеметсізбе! Біздің қорда сіз сұраған Азамат Омаровтың «Арғын шұбыртпалы шежіресі» атты кітабы бар. Авторлық құқық болмағандықтан біз ол кітаптың санаулы бетін ғана ПДФ форматында жібере аламыз. 1. Арғын Шұбыртпалы шежіресі: 1-кітап / құраст.: А.Омаров. – Алматы: «Принт плюс», 2019. – 544 б.

Сәлеметсіз бе, сіздерде Т.Қойшымановтың Жарқын ойлы жандар атты кітабы бар ма?

О кого: Сәнім

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Сіздің сұрауыңыз бойынша кітапханамызда Тұғырұл Қойшымановтың «Жарқын ойлы жандар» атты кітабы бар, келіп оқуыңызға болады. 1. Қойшыманов, Т. Жарқын ойлы жандар / Т.Қойшыманов. – Алматы: Қазақ мемлекеттік баспасы, 1961. – 130 б.

Сәлеметсіз бе? Чекушина Нина Григорьевна қай жылы Балқаш қаласының құрметті азаматы атағын алды?

О кого: Сандуғаш

Сәлеметсіз бе,оқырман! 2000 жылы 28 қыркүйекте Н.Г. Чекушинаға Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен “Балқаш қаласының кұрметті азаматы” атағы берілді. Мұстафин, С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары / С.Мұстафин. – Балқаш, 2007. – 49-52 б.

Сәлеметсіз бе? Маған Абайдың қара сөздері керек еді кітабы бар ма?

О кого: Алан

Қайырлы күн, Алан! Сіздің сұранысыңыз бойынша Абай Құнанбаевтың қара сөздері бар кітаптары біздің кітапханамызда бар, алып оқуыңызға болады. 1. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. ІІ том / құраст.: Қ.Сыдиқов. – Алматы: Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1977. – 312 б. 2. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Өлеңдер, поэмалар, аудармалар мен қара сөздер / құраст.: М.Мағауин. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2005. – 488 б.

Қайырлы күн! Тілеугерей Исламұлы жайлы өмір дерегі бар ма?

О кого: Жібек

Сәлеметсіз бе, оқырман! Маканалин Тілеугерей Исламұлы қаламыздың құрметті спортшысы жайлы толық ақпаратты кітапхана сайтынан біле аласыз. https://balkhashlib.kz/ru/kraeved_6_8_20

Сәлеметсіздер ме!Сіздерде Кейіннен шыққан «Тамырын тартқан тереңнен»атты кітап бар ма?қолға алуға болады ма?

О кого: Дастан

Сәлеметсіз бе, оқырман! Сіздің сұрауыңыз бойынша «Тамырын тартқан тереңнен» атты кітап кітапхана қорында бар. Келіп оқуыңызға болады. Аманқұлов, Қ. Тамырын тартқан тереңнен / Қ.Аманқұлов. – Балқаш: «Алгорифм». – 2022. – 99 б.

Сіздерде Түркітілдес елдердің терминқор қалыптастыру тәжірбиесі атты кітабы бар ма?

О кого: Гүлім

Сәлеметсіз, қымбатты оқырман! Кітапхана қорында Түркітілдес елдердің терминқор қалыптастыру тәжірбиесі атты кітабы бар.Келіп оқуыңызға болады. Түркітілдес елдердің терминқор қалыптастыру тәжірбиесі / құраст: Астана: Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіруі – әдістемелік орталығы, 2011. – 256 б.

Қайырлы кеш! Маған Құрмаш Әмірқұлұлының Дадан Тобықты атты кітабын сканерлеп жібересіз бе?

О кого: Мақсат

Қайырлы кеш, құрметті оқырман! Біз сіздің почтаңызға Құрмаш Әмірқұлұлының «Дадан Тобықты, Манас, Құттыбай әулеті» атты кітабын сканерлеп почтаңызға жібердік. Әмірқұлұлы, Қ. Дадан Тобықты, Манас, Құттыбай әулеті / Қ.Әмірқұлұлы. – Балқаш қалалық: «Типография Ер Мұра» . – 2006. – 100 б.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика