"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Спицын Василий Петрович

Просмотров: 1381

     1941 жылы Балқаш қаласына көшіп келіп, мыс қорыту зауытына жұмысқа түскенде, ол келешекте қаламыздың құрметті азаматы атағын алады, оның аты көшелеріміздің біріне беріледі деп ешкім де ойламаған болар. Бірақ оның пешенесіне осылай жазылған болып шықты.

1941 жылы шілдеде В.П. Спицын Қызыл Армия қатарына шақырылды. Василий Петрович Қазақ КСР-і Ақмола (қазіргі Астана) қаласында құрылған 310-шы атқыштар дивизиясының құрамында жүріп соғысқа кірді. Жауынгерлік жолын Ленинград түбінде бастады. Артиллерия зеңбірегінің нысанашысы болды. Ұлы Отан соғысы кезіндегі оның майдангерлік жолы ұзақ болды. Ол Ленинград қаласын қорғап, Псковты, Новгородты, Прибалтиканы, Польшаны, Пруссияны азат етуге қатысты.

1944 жылғы 31 наурыздан 2 сәуірге дейін Псков облысының Кузьмино және Воронино деревнялары маңындағы жаудың қорғанысын бұзу кезінде 76 миллиметрлік зеңбіректер артиллеристері жаяу әскерлермен бірге ұрысқа шықты. Василий Спицын дәл атып, жаудың бір зеңбірегін, расчетімен екі пулеметін жойды, бақылау пунктін қиратты және жиырмаға жуық жаяу солдаты мен офицерін жер жастандырды. Сөйтіп, жаяу әскердің тапсырмасы ойдағыдай орындалуына көмектесті. Бұл ерлігі үшін дивизия командирі Спицынге үшінші дәрежелі Даңқ орденін тапсырды.

1945 жылы 27 ақпанда Шығыс Померанияның Хаммерштейн қаласының маңайында жаудың ірі күші біздің әскерге тұтқиылдан шабуыл жасады. Жарылған артиллерия снарядтары мен қарша бораған пулеметтердің оқтарының астында қала тұрса да, сержант Спицыннің расчеті батареяда бірінші болып жауға қарсы оқ жаудырды. Бүкіл батареялар олардан үлгі алып, жаудың екі танкісін, бірнеше атыс ұяларын талқандады. Жау шабуылы тоқтатылып, неміс группировкасы ыдыратылып жіберіледі. Осы шайқастағы ерлігі үшін Василий Петрович Спицын екінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. В.П.Спицын ірі өнеркәсіп орталығы әрі порт Гдыня қаласын алудағы ұрыстарда да тайсалмай, батылдықпен қимылдады. Польшаның бұл көне қаласын азат етудегі ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша аға сержант Спицын бірінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды, яғни Кеңес Одағы батырларының қатарынан орын алатын болды.

Василий Петрович Спицын Жеңістен кейін Балқаш қаласына оралып, мыс қорыту зауытында жұмыс істеді. Мұнда ол 30 жылдан астам еңбек етті. Өндіріс озаты ретінде 1971 жылы «Октябрь Революциясы» орденімен марапатталды.

1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Кеңес халқының жеңісінің 30 жылдығын атап өту және даңқты ерліктері үшін, 1975 жылғы 20 наурыздағы Балқаш еңбекшілер депутаттары қалалық Кеңесінің шешімімен В.П.Спицынге «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

1979 жылдың 17 маусымында қайтыс болды.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Мұстафин, С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары: тарихи-өмірбаяндық очерк /С.Мұстафин.-Балқаш,2000. – 36-37 б.

2. Балқаш. Тарих беттері. Құжаттар мен материалдар жинағы. Қарағанды: ЖШС «Арка және К», 2007. – 193-194 бет.

3. Спицын көшесіне - 25 жыл: Спицын көшесінің мерейтойы туралы // Пульс. – 2010. – 30 сәуір(№18). – 4 б.


Дата редактирования: 28 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика