"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

23 Желтоқсан 2010

22 Желтоқсан 2010 жылы С. Сейфуллин атындағы...


src=/media/IMG_1750_(8575).jpg22 Желтоқсан  2010 жылы С. Сейфуллин атындағы қалалық орталық кітапханада жерлесіміз, белгілі мәскеулік ақын, музыкант, сазгер, шоумен, «Орден Куртуазных маньеристов»  әдеби ағымының негізін  қалаушылардың бірі Константин Григорьевичті еске алуға арналған «Мы уже в вечности, брат» атты музыкалы поэзия кеші өтті.
    Кешке мектеп оқушылары, қалалық «Ардагер» клубының мүшелері, жыр сүйер қауым, журналистер қатысты. Кеш қонақтары К. Григорьевтің ән мен өлең әлеміне оның кітаптары мен дискілері арқылы енді. Бұл «Мой океан фантазии», «Предчувствие», «Курзал» сияқты өлеңдер жинақтары еді. Өмірден ерте кеткен талантты жерлесіміздің өлеңдері мен «Цикл Балхашские рубан», «Я пропустил весенние капели», «Магия», «Аве Мария», «Автопортрет», «Звездный плащ» және т.б. музыкалық композициялары тыңдалды. Кештің көптеген қатысушылары К. Григорьевпен өмірінің ақырына дейін байланыс жасаған, оның өзімен, шығармашылығымен өте жақсы таныс екен. Слайдтардан достары арасында, концерттерде түсірілген фильмдерден үзінділер көре отырып, шығарған өлеңдерін өзінің орындауында тыңдап, Константиннің өзі осы кеште қатысып отырғандай әсер қалдырды. src=/media/IMG_1726_(8576).jpgӘртүрлі мәскеулік журналистерге берген сұхбаттарындағы өзінің поэзияға, өмірге, шығармашылығына, достық қарым-қатынасқа деген көзқарастары қызығушылық танытты. Зал керемет күйге енді. Біреулері өлең оқыса, екіншілері К. Григорьевпен кездескен кездегі сәттерін еске алды. Ақынның анасы – белгілі журналист Тамара Тимофеевна Григорьева газеттер мен журналдарға шыққан публикацияларға өзіндік шолу жасады.
    Оның музыкалық шығармашылығы да ескерусіз қалған жоқ. Көптеген жеке  үнтаспалар, компакт дискілер жазды. «Телефон», «Лосьон», «Бахыт компот», «Идолы молодежи» группаларында өнер көрсетті. Кеш соңы өмірден ерте озған Ресей телевидениесі түсірген «Как уходили кумиры» деректі фильммен аяқталды. Кітап көрмесіне қойылған өлең жинақтары, афишалар, фотоальбомдар, компакт дискілер, ақынның салған суреттері де қызығушылық танытты.
 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика