02 Қараша 2010
29 қазан күні С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханада «Сырлас» кітапхана-филиалының 20 жылдық мерейтойы аясында жазушылар қоғамының мүшесі, ҚазССР өнер қайраткері Шашубай Қошқарбайұлының туғанына 145 жылдығына арналған әдеби- сазды кеш өтті. Іс шараның мақсаты Балқаш өңірінің ұлы өткір тілді, талантты айтыскері, металлургтер мен балықшыларды жырлаған ақын мұрасын зерттеу.Мектеп оқушылары номинациямен сайысқа қатысты.: «Ән мен жырдың дүлдүлі»,«Ақын мұрасын насихаттаушы», «Мұрагерліктері үшін», «Шығармашылық шабыт», «Ең үздік өлең», «Үздік жыр толғау», «Ғасырлармен үндескен», «Ақ қайың – сұлу сазды», «Тіл тазалығы» т.б.Шығармашылық көрсетілімде айтыстан, әртістік қимылдардан, үзінділер көрсетілді. Әр команда көрсетілімдерін өздерінің киімдерімен, көркем суреттемелерімен әрледі. Командалар сайысы Шашубайдың шығармашылығын, өлке тарихымен байланыстыра, ашып көрсетуге тырысты. «Сырлас» кітапханасының кітапханашыларының кітап көрмесіне жинаған өте бай ақынның шығармашылығын, өмірінің әр кезеңдерінен алынған көптеген суреттер мен ашып көрсететін слайд жасалды. Ақылдастар алқа мүшелері өз сөзінде ақын артында қалған ұрпақтары сөзге шешен, музыка аспабында шебер орындалуы мен актерлік дарындарымен мақтана алар еді дегенді сөзге тиек етті.