"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

20 Наурыз 2018

«Мейірімге толы мереке» мерекелік құттықтау


     Әлемге нұрын төгіп, жер дүниеге жан бітіретін көктемнің жайма шуақ күнінде тойланатын Ұлыстың Ұлы күні Наурыз - бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін мереке.

    Осындай жарқын күнде қаламыздағы Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мерекелік көңіл-күй сыйлап, аз да болсын мейірімге бөлеу мақсатында С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кәусар» әдеби-жастар клубының жас дарындары «Мейірімге толы мереке» атты құттықтау шарасын өткізді. Ата-ананың жылулығын аңсаған бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге арналған іс-шарада аталмыш клубтың мүшелері Бөкен Дина, Қанафин Қанат, Игембек Жасмин өз құттықтауларын өлеңдерімен, әндерімен жеткізді. Тамаша әсерге бөленген балалар да өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би де биледі.

    Кеш соңында балалар С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана ұжымының даярлаған дастарханынан дәм татып, Балалар үйі қызметкерлері де жылы лебіздерін жаудырып жатты.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика