"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

20 Наурыз 2018

«Табиғатты аялау - болашаққа көз тастау» экологиялық көрсетілім


     Болашақ ұрпақ үшін туған жеріміздің және бүкіл планетаның табиғатын сақтау және қорғау – біздің міндетіміз. «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 20-наурыз №2 кітапхана-филиалында ЖББ №16 мектептің 4-сынып оқушылары (сынып жетек. З.С.Абильдина), Балқаш қаласының медицина колледжінің студенттерімен бірлесе отырып «Табиғатты аялау – болашаққа көз тастау» атты көрсетілімін ұйымдастырды.

     Балалар көрермендер назарына туған жердің сұлулығы туралы, табиғатты ластамау секілді кішігірім театрлық  көріністерді ұсынды. Шара барысында қатысушылар табиғи құбылыстар мен табиғатқа құрметпен қарайтын мақал-мәтелдерді еске түсіріп, жердегі тіршілікті құтқару, табиғатты сүю, қорғап қалу туралы өз пікірлерін ортаға салды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика