"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

20 Наурыз 2018

«Армысың, әз Наурыз!» атты демалыс кеші


     Наурыз мейрамы бүгінгі таңда көпұлтты Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ортақ мерекесіне айналды. Мерекеге орай 20 наурызда С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Қазақ соқырлар қоғамының Балқаш оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС қызметкерлеріне арналған «Армысың, әз Наурыз!» атты демалыс кеші ұйымдастырылды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры А.К.Шамхазинов қатысушыларды келе жатқан көктемнің ұлы мерекесімен құттықтап, барлығына жақсы тілектер тіледі. Кеш барысында Әбеуова Назым, Шаклеина Людмила, Шарипова Роза, Шкуркина Марияның орындауындағы әндер кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ошақбаев Бисен мен Абдрахманова Гүлжан «Көктемгі вальс» биін биледі. Сонымен қатар, қатысушылар ұлттық ойындарға белсене қатысып, олардың ішіндегі ең жылдамы және ең ширақтары естелік сыйлықтарға ие болды. Наурыз мейрамы аясында өткізілген  іс-шара батамен аяқталды. 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика