"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

20 Наурыз 2018

«Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік ертеңгілік


     Наурыз – жыл басы. Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылдың басталғандығын білдіреді. Бұл мереке – ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпының ажырамас бөлігіне айналған мереке. Осынау көктен көпке шапағат төгілетін Ұлыстың ұлы күнін №5 балалар кітапхана-филиалы  ерекше ықыласпен қарсы алып, «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік ертеңгілікті жоғары деңгейде өткізуге кітапханашылар мен балалар барын салды. Кітапханада мерекелік дастархан жайылып, қонақтар астан дәм татты. Қонаққа келген Айгүл әжей тұсау кесу  рәсімін көрсетіп, іс-шараға жиналған барлық қауымға ақ батасын берді. Бұл мерекеге "ерекше балалар" да қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. А.Сәкітай «Өзбек биін» билеп, қонақтардың көңілін бір көтеріп тастады. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық ойындары «Арқан тартыс», «Аударыспақ», «Теңге ілу» ойнатылды. Шара барысында халқымыздың салт-дәстүрлері көрсетіліп, балалар ән айтып, «Қаражорға», «Қамажай» билерін биледі. Іс-шараға қатысқан ата-аналар керемет көңіл-күй сыйлаған кітапхана ұжымына зор алғыстарын білдірді.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика