"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

16 Наурыз 2018

«Өлеңім менің – жан досым» кездесу


     Наурыз айының 15 жұлдызында жергілікті ақын Мөлдір Бөлекованың 60 жылдық мерейтойына орай «Өлеңім менің – жан досым» атты кездесу кеші өтті. Аталмыш шараға поэзияға жаны жақын қала жастары жиналды. М.Бөлекованың махаббат тақырыбындағы өлеңдерінің шығу тарихы қатысушылардың ақын шығармашылығына қызығушылығын арттырды. «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директоры Л.Власова мерейтой иесін құттықтап, қаламыздың мәдени өміріне қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, естелік сыйлық табыстады. «Кәусар» әдеби жастар клубының мүшесі Бөкен Дина ақынға арнаған өлеңін оқыды. Мәдениет саласының қызметкерлері Меруерт Өтенова, Қалибек Өмірәлі, Бағдагүл Садуақасова ақынның әні мен сөзіне жазылған әндерді орындап, көпшіліктің көңілін көтерді. Кеш соңында Мөлдір Болекова өзінің шығармашылығына қызығушылық танытып, кездесуге келген барлық қатысушыларға алғысын білдірді.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика