"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

27 Ақпан 2018

«Біз саған алғыс айтамыз, Қазақстан!» алғыс жәрмеңкесі


    27 ақпан күні С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Біз саған алғыс айтамыз, Қазақстан!» атты алғыс жәрмеңкесі өтті.

   Өз тарихыңды есте сақта және мақтан тұт. Бұл - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні, яғни 1 наурызда аталып өтетін Алғыс күнінің негізгі ұраны.  Қазақстандықтар үшін Алғыс айту күнін мерекелеу жалпыұлттық тарихи салт-сананы дамыта отырып, ұлттық бірлік пен беріктікті ұстану болып табылады.

   Осындай негізде ұйымдастырылған аталмыш шараға «Қазақмыс» Корпорациясы политехникалық колледжі, Балқаш медициналық және Балқаш көпсалалы колледжі, академик Ж.Ақылбаев атындағы маңызды білім беру колледжі мен Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі және Балқаш сервис колледжі қатысты.

  Шара барысында татар орталығының өкілі С.Ф.Халиулина қазақ жері тарихынан сыр шертсе, неміс орталығының өкілі О.О.Патанина қазақ халқының мейірімділігі жайында аса тебіреніспен баяндап өтті. «Согласие» славян орталығының өкілі Т.Т.Григорьева қазіргі таңдағы  қазақ, орыс және неміс ұлттары бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан көпұлтты Қазақстан туралы айта кетті.

   Аталмыш шараның шырайлы да әсерлі өткені соншалық, Алғыс айту күнінің елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен құрмет, бейбітшілік пен келісімнің салтанат құратын күні екенін тағы бір дәлелдеп көрсетті.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика