"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

23 Ақпан 2018

«Латын әліпбиі: жаңғыру-жазудан басталады» ой-талқы


   23 ақпанда С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада қала колледждері студенттері мен тіл жанашырларының қатысуымен «Латын әліпбиі: жаңғыру-жазудан басталады» тақырыбымен ой –талқы өткізілді.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ әліпбиінің латын әліпбиіне ауыстыру қажеттігін атап көрсетілді. Осы орайда Мемлекет басшысы қазақ тілін латын графикасына кезең-кезеңмен және жүйелі түрде көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. 2025 жылы іс жүргізу, құжатайналым, баспа, оқулықтар латын әліпбиінде жазылатыны аталды. Аталмыш тақырыпты ақпараттық қолдау мақсатында Тілдер орталығы директорының орынбасары Жарылғап  Махмұт Садуақасұлы және Ж.С.Ақылбаев атындағы Балқаш маңызды білім беру колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алиманова Сандуғаш, Балқаш сервис колледжінің кітапханашысы Байгутанова Айнұр Балқаш медицина колледжінің тарих пәнінің мұғалімі Жорабаева Жанар Артықбайқызы латын әліпбиінің қазақ тілін дамытудағы маңыздылығы, өзектілігі жайы жан-жақты  тың ойлар айтып, сұрақтарға жауап беріп, шара барысында Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқыланды.

     Іс-шараға белсене қатысқан жастарымыз тақырып аясында өздерінің тұжырымды ойларымен бөлісті. Жастар жаңа нұсқадағы латын әліпбиі туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика