"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

20 Ақпан 2018

«Кітапхана – кітаптар үйі» саяхат


     С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада Балқаш көпсалалы колледжінің 1-курс студенттеріне арналған «Кітапхана – кітаптар үйі» атты саяхат ұйымдастырылды. Студенттерге алдымен кітапхана тарихы баяндалып, оның бөлімдері мен залдары, қызықты көрмелері, жаңа ақпараттық-мобильді ресурстары таныстырылды. Маңызды оқиғаларға толы  «Рухани жаңғыру – ұлттық дамудың ұлағатты үлгісі», «Қазақстанның алтын есімдері», «Кітаптың аты есімде жоқ, бірақ ол - көк» атты кітап көрмелері назарға ұсынылды. Сонымен қатар, студенттер кітапханамыздың ақпараттық-библиографиялық бөлімінің өлкетану залында болып, Астанамыздың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астана – тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы», қаламыздың атақты есімдеріне арналып жасалған «Туындысы мен тағдыры ұштасқан біздің өлке» атты көрмелерімен танысты.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика