"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

15 Ақпан 2018

«Кітапханадағы бір күн» науқаны


     «Оқымысты ұлт» бұқаралық қоғамдық қозғалысын жүзеге асыруға бағытталған «Туған жер» бағдарламасы аясында №3 кітапхана-филиалында «Кітапханадағы бір күн» атты науқан ұйымдастырылды. Бұл күні оқырмандарға өздерін кітапханашы ретінде көрсету сәті түсіп, олардың қызықты да танымды жұмыстарымен танысты. Кітапханашы рөлінде өзінің бағын сынауға тұрақты оқырмандарымыз Есенова Балнұр мен Елеусізбаева Назерке қатысты. Олар оқырмандарға қызмет көрсетіп, кітаптарды сөреге әліпбилік ретпен қойып, кітап көрмелерімен таныстырды.

     Кітапханашы болу қатысушыларға ғана емес, сонымен қатар оқырмандарға да қатты ұнады және олар мамандық таңдағанда септігін тигізеді деген ойдамыз. Болашақта науқанның кейбір қатысушылары кітапханаға жұмыс істеуге келіп, өздерімен бірге жаңа идеялар әкеліп қана қоймай, кітапхананың көптен келе жатқан дәстүрлерін әрі қарай жалғастырады деген сенімдеміз.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика