"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

08 Ақпан 2018

«Читайте Дружные ребята» газеті күні


     1933 жылдан бастап жарық көрген «Дружные ребята» республикалық балалар газетінің 85 жылдық мерейтойы аясында №5 кітапхана-филиалында «Читайте Дружные ребята» іс-шарасы ұйымдастырылды. Балалар аталмыш газетті өздерінің ата-әжелерінің сүйіп оқығаны жайында біліп, газеттің сол уақыттағы айдарларымен танысты. Мектеп жаңалықтары, ақын-жазушылардың балаларға арналған өлеңдері мен әңгімелері топтастырылған газет жас тілшілердің қатысуымен жанданып, оқырманға әлемдегі сан қилы қызықты деректерді жеткізген болатын. Осы жылдар ішінде газет бетіне түскен спортшылар, ғарышкерлер секілді түрлі саладағы әйгілі тұлғалар жайлы ақпараттар легінің бүгінгі күні аға буын оқырмандарымыздың балалық шағынан сыр шертері анық. Газетті аса қызығушылықпен оқыған балалар шара барысында ұйымдастырылған қызықты сұрақтарға белсенді жауап берді. 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика