"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

06 Ақпан 2018

«Туған табиғаттың жыршысы» викторина


  Михаил Михайлович Пришивиннің туғанына 145 жыл толуына орай №5 кітапхана-филиалында кітапханамыздың кішкентай оқырмандарына арналған «Туған табиғаттың жыршысы» атты викторина ұйымдастырылды. Балалар жазушының өмірі мен шығармашылығымен, оның орман, ондағы құстар мен жан-жануарлардың өмірін тамашалауды жаны сүйгендігі жайында қысқаша мәлеметтермен танысты. Оның «Беличья память», «Лисичкин хлеб», «Кладовая солнца», «Разговор птиц и зверей» атты танымды да және мейірімді әңгімелері, табиғатты сүюге, бағалай білуге және қорғауға үйретеді. Шара қатысушылары үлкен қызығушылықпен ағаштар, гүлдер және орман жануарлары туралы жұмбақтар шешіп, шығармаларынан үзінділер оқыды. Балалар қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, кітап көрмесін тамашалады.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика